Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 161 0 пікір 16 Қыркүйек, 2026 сағат 17:48

«Айбалта-2026»: Қарағандыда оқу-жаттығуды бастады

Сурет: dknews.kz сайтынан алынды.

Қарағанды гарнизонында әскери манёврлар басталды.

«Спасск» полигонына 600-ге жуық әскери қызметші мен 50-ден астам қару-жарақ пен әскери техника шықты. Бұл жаттығу бүкіл Қазақстанды қамтитын ауқымды штабтық машықтанудың бір бөлігіне айналды.

Қазақстан Республикасы Торғаныс министрлігі «Айбалта-2026» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының басталғанын хабарлады. Оған «Астана» өңірлік қолбасшылығының құрамалары мен әскери бөлімдері қатысуда.

600 әскери қызметші және 50-ден астам техника

«Айбалта-2026» оқу-жаттығуының басты сынағы тек полигондағы бөлімшелердің іс-қимылымен ғана шектелмейді. Командирлер мен штабтар жағдай өзгерген кезде операцияларды жоспарлауға, шешім қабылдауға және әскерді басқаруды сақтап қалуға қаншалықты жылдам қабілетті екенін көрсетуі тиіс.

Әскерилер бөлімшелерді жылжыту мен қайта топтастыруды, олардың өзара іс-қимылын және үздіксіз басқаруды ұйымдастыруды пысықтайды.

Практикалық кезең қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану арқылы өтеді. Қорғаныс министрлігінің хабарламасына сәйкес, тапсырмалар қарулы күрестің заманауи даму тенденцияларын ескере отырып құрылған.

«Спасск» бүкіләлдік оқу-жаттығудың бөлігіне айналды

Қарағанды түбіндегі манёврлардың ауқымы бір гарнизонмен ғана шектелмейді. ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас жедел басқармасының бастығы полковник Қанағат Жанкеев «Айбалта-2026» республика аумағында өтіп жатқан стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығудың кезеңдерінің бірі екенін мәлімдеді.

«„Айбалта-2026“ — бүкіл республика аумағында өткізілетін стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығудың кезеңдерінің бірі. Шара барысында біз әскери қызметшілердің кәсіби даярлық деңгейін, басқару органдарының үйлесімділігін және әскерлердің шынайы жағдайға барынша жуықтатылған жағдайда тиімді әрекет ету қабілетін тексереміз», — деп атап өтті Қанағат Жанкеев.

Штабтардың тез өзгеретін жағдайда басқаруды сақтап қалу қабілеті биылғы тексерістің басты элементтерінің біріне айналды.

«Айбалта-2026» дайындығы ертерек басталған еді

Көктемде «Айбалта-2026» оқу-жаттығуына дайындық барысында Бас штаб жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің жаңа элементтеріне баса назар аударған болатын. «Матыбұлақ» полигонында басқарудың орнықтылығы, соққы беру дәлдігі және әуе қауіптеріне, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы тұру басты басымдықтар ретінде аталды.

Енді Қарағанды гарнизонында басты назар басқару органдары мен бөлімшелердің практикалық жұмысына аударылып отыр: штабтардың шешім қабылдауынан бастап әскерлердің манёвр жасауына және жергілікті жерде оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауына дейін пысықталады.

Кезең аяқталғаннан кейін қолбасшылық басқару органдары мен әскерлердің дайындығына баға беріп, жауынгерлік дайындықтың қай бағыттары әрі қарай жетілдіруді талап ететінін айқындайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1257
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2788
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 908
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 854