Жұма, 18 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 285 0 пікір 17 Қыркүйек, 2026 сағат 15:16

Алматыда «Ана тілім – ардағым» атты іс-шара өтеді

Сурет: zhanaqorgan-tynysy.kz сайтынан алынды.

Алматы қаласының әкімдігі «Алматы қаласының Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында 2026 жылдың 22 қыркүйегінде сағат 15:00-де Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Ақшатыр» алаңында «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – ана тілінің қадір-қасиетін дәріптеу, қазақ тілінің көркемдігі мен өміршеңдігін көпшілікке таныту, мемлекеттік тілдің қоғамдық ортадағы қолданысын кеңейту, көпшіліктің ана тіліне деген ықыласын арттыру және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Мерекелік іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, ұстаздар, студенттер, оқушылар, қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Іс-шара бағдарламасы аясында белгілі қоғам қайраткері, тіл жанашыры, «Достық» және «Парасат» ордендерінің иегері Асылы Осман, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Мерей Ягудаұлы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Филология институтының директоры Айгүл Амантайқызы және ахметтанушы ғалым Бижомарт Қапалбек сөз сөйлейді.

Кеш қонақтары қатарында «Қарнақ» этноансамблі, Қабдол Тілеков, Нұрсұлтан Нұрбердиев және басқа да өнерпаздар бар.

Іс-шара барысында ана тілінің құдіреті ән мен күй, жыр мен би арқылы дәріптеледі. Көрермендерге ана тіліне қатысты интерактивті бөлімдер ұсынылып, белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталады. Сонымен қатар концерттік бағдарлама мен қазақ тілінің қоғамдық өмірдегі маңызын ашатын көркем қойылымдар ұсынылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1311
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2877
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 968
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 902