Дүйсенбі, 12 Қазан 2026
899 0 пікір 19 Қыркүйек, 2026 сағат 16:02

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

(Сурет:http://t.me/aqorda_resmi)

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Президент саябағының аумағында ағаш екті.

Президент жауапты мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдады

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елорданы кешенді түрде көріктендіру мен көгалдандыру жұмыстары туралы баяндады.

Шаһар басшысының айтуынша, соңғы жылдары Астанада 500-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды, жыл соңына дейін 170-тен астам аула мен қоғамдық орын, соның ішінде парктер, гүлзарлар мен бульварлар ретке келтіріледі.

Мемлекет басшысына Есіл өзенінің бойында қоғамдық және рекреациялық кеңістіктердің бірыңғай жүйесі қалыптасып келе жатқаны туралы мәлімет берілді. Осы жұмыстар аясында қаланың түрлі бөлігіндегі парктер, серуен және спорт аумақтары тұтас жасыл белдеуге біріктіріледі.

Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы жүзеге асырыла бастаған кезден бері 2 мыңнан астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылғанын баяндады. Оның аясында 3,8 миллион тонна қоқыс жиналып, 10 мыңдай қоқыс төгетін орын жойылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 959
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1293