Сейсенбі, 13 Қазан 2026
Жаңалықтар 615 0 пікір 21 Қыркүйек, 2026 сағат 12:49

«Медиа мәтінді талдау әдістері» кітабының тұсаукесері өтеді

Сурет: Шара ұйымдастырушыларынан алынды.

Құрметті Abai.kz ақпараттық порталының оқырмандары!

Бүгінгі қазақ журналистикасының сақа мамандарының бірі, бүгінгі Қазақстан журналистикасында аты-заты белгілі, қаламы жүйрік, ойы озық ондаған, жүздеген шәкірт дайындаған оқытушы Есенгүл Кәпқызының жаңа кітабы жарық көрді.

Есенгүл Кәпқызы – қауымдастырылған профессор, медиа-тренер, журналист, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі.

25 қыркүйек күні  сағат 15:00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Есенгүл Кәпқызының «Медиа мәтінді талдау әдістері» атты кітабының тұсаукесері өтеді. Бұл кітап еліміздің ЖОО-ларында болашақ әріптестерді даярлауда ғана емес, бүгінде журналистикада майданында жүрген қыз-жігіттер үшін өте құнды кітаптардың бірі екеніне сенімдіміз!

Келейік, қолдайық!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 966
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1308