Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Не көріп жүрсіз? 309 0 пікір 21 Қыркүйек, 2026 сағат 14:25

Қожаназаровтың қырғыз қызына тартуы қандай?

Суреттер: abai.kz және kazpravda.kz сайтарынан алынды.

Abai.kz-тің әлеуметтік желісінен айдарында бүгін бұрынғы Мәжіліс депутаты, қазіргі Құрлытай депутаты Айдарбек Қожаназаров жайлы аз-кем ақпарат бөліспекпіз...

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсімінде Қазақстан Ұлттық құрамасын ерекше ықыласпан (эмоциямен) таныстырған қырғызстандық тележүргізуші әрі журналист Айзада Жамгырчиеваға су жаңа «Changan» автокөлігі сыйға тартылған екен.

Көшпенділер ойындарының ашылуы салтанаты кезіндегі тулар шеруінде Айзада қыз Қазақстан құрамасы алаңға шыққан сәтте «Қазақстан» деп ерекше ықыласпан жар салып, қазақстандық спортшыларға қолдау білдірген еді. Бұл сәт әлеуметтік желіде ызу-қызу талқыланып, Айзаданың әсерлі видеосы желіде кең таралды.

Осыдан соң Қазақстанның Көкпар федерациясының басшысы Айдарбек Қожаназаров қырғыз қызына автокөлік сыйлауға уәде еткен. Кейін сол уәдесінде тұрып, су жаңа «Changan» автокөлігі сыйға тартылған екен. Сыйлық «Көкпар» мен «Көкбөрі» жарыстарының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі кезінде берілген.

Ал Айзада Жамгырчиева су жаңа автокөлігін бірнеше күн бұрын ғана өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетіп, Қазақстан халқына алғысын айтты.  Ол бұл сыйлықты екі ел арасындағы  бауырластықтың белгісі ретінде қабылдағанын айтып: «Қырғыз бен Қазақты шекара бөлгенімен, жүрегімізді ештеңе ажырата алмайды», - деп жазды.

Сурет: Әлеуметтік желі скрині.

Abai.kz-тің Instagram-дағы ресми парақшасына жазылып, қызықты ақпараттарға қолдау білдіре жүріңіздер. Сілтемесі: Abai.kz

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1355
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2936
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1007
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 948