Сәрсенбі, 14 Қазан 2026
Жаңалықтар 589 0 пікір 22 Қыркүйек, 2026 сағат 15:43

Трамп: Пезешкианмен жолығуға қарсы емеспін!

Сурет: yenisafak.com сайтынан алынды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы алаңында Иран президенті Масуд Пезешкианмен кездесуге кетәрі емес екенін хабарлады.

«Fox News» арнасына берген сұхбатында Трамп Иранға қатысты кейінгі қадамдарды қарастырып жатқанын және «өте ауқымды оқиғаларды» күтетінін айтты. Оның сөзінше, Вашингтонның алдында «Иранды жойып жіберу, экономикалық күйрету немесе келісімге келу» сияқты нұсқалар бар.

«Басты сұрақ — бұл елді толығымен жойып жібереміз бе, егер жойсақ, қашан жоямыз? Сондықтан оларға ақылға қонымды әрекет еткені дұрыс», — деді Трамп.

Америкалық лидер қазір «Иранға қатысты шешім қабылдау кезеңінде» тұрғанын атап өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 988
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1339