Сәрсенбі, 14 Қазан 2026
Жаңалықтар 623 0 пікір 22 Қыркүйек, 2026 сағат 16:03

Иран Президенті: БҰҰ-ға сенбейміз!

Сурет: sputniknews.ru сайтынан алынды.

Иран Президенті БҰҰ-ға «сенімсіздік» білдіретінін мәлімдеді...

«Сенім — батыс елдері айтатын адам құқықтары мен көптеген халықаралық нормалар аяққа тапталғаны сияқты, мүлдем жоқ нәрсе», - деді Пезешкиан.

Иран Президенті Масуд Пезешкиан БҰҰ-ның «Сенімді қалпына келтіру» ұранына тоқтала отырып, батыс елдері сөз ететін адам құқықтары мен халықаралық нормалар орындалмай отырғандай, сенімнің де жоқ екенін айтты.

Пезешкиан БҰҰ мінберінен Иранға қарсы жасалған шабуылдар және иран халқының «ақиқаты» туралы айтатынын хабарлады. Сондай-ақ ол «жаудың» ең алдымен Палестина мен Сирияға қарсы шабуылдарын жалғастырып жатқанын атап өтті.

Бұдан бөлек, Пезешкиан АҚШ ирандық журналистер тобына виза бермегенін, өйткені өздері жасаған «қылмыстардың» әшкереленуінен қорқатынын мәлімдеді. Сонымен бірге ол өз елінің үнін оқиға орнындағы халықаралық БАҚ арқылы жеткізетінін атап өтті.

Пезешкиан АҚШ пен Израиль соғыс арқылы Иранды тізе бүктіре алмағанын жеткізді. Оның пайымдауынша, бұл елдер аталған мақсатқа құрлықтағы әрі теңіздегі блокада, бұқаралық ақпарат құралдары және Иранның әлсіз тұстарын пайдалану арқылы қол жеткізуге тырысуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 988
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1338