Қазақстанның шығысында қар жауып, боран соғады, өзендер арнасынан шығуы мүмкін
Алматы. 6 қараша. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның орталығындағы, шығысындағы және оңтүстігіндегі ауа райы атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, осыған байланысты елдің шығысында қар жауып, боран соғады, жел күшейеді, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде жауын жауады. Республиканың қалған бөлігі антициклонның ықпалында болады, деп хабарлайды ТЖМ.
«Қазгидромет» таратқан ескертуге сәйкес, «5-7 қарашада Шығыс Қазақстан облысында жауған және болжанып отырған жауын-шашынға байланысты өзендердегі судың деңгейі күрт көтеріліп, өзендер арнасынан шығып, тасуы мүмкін».
Синоптиктердің мәліметтері бойынша, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20, кейде 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Павлодар облысында кей жерлерде боран соғады, желдің күші 15-20 метр/сек. Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарында кей жерлерде желдің күші секундына 15-23 метрге дейін жетеді. Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20, кейде 25 метр/сек. Алматы облысында желдің күші 15-20, кейде 25 метр/сек болады.

Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында болжанып отырған жауын-шашынға байланысты төмен таулардағы өзендерде судың деңгейі көтеріледі. Қазақстанның солтүстігіндегі су айдындарында судың температурасы төмендейді, жекелеген өзендерде мұз қатады.