Жұма, 25 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 111 0 пікір 25 Қыркүйек, 2026 сағат 17:55

БАҚ: Сарбаздар қазасы бойынша Данияр Хайрушев ұсталды

Сурет: Чиновник телеграм арнасынан алынды.

Қазақстан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Данияр Хайрушев оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты іс бойынша ұсталған бес әскери лауазымды тұлғаның бірі.

Ішкі істер министрлігі ұсталғандардың есімдерін ресми түрде жариялаған жоқ, алайда Хайрушевтің лауазымы Қорғаныс министрлігінің ашық деректерімен расталады (дереккөзі - Чиновник телеграм арнасы).

2026 жылдың мамыр айында Хайрушев ӘТК бас қолбасшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған еді. Сол кезде ол әскердің жоғары жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз еткені және қызметтегі жетістіктері үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР ІІМ бес адамның ұсталғанын хабарлаған еді. Олар: штаб бастығы – ӘТК бас қолбасшысының бірінші орынбасары, екі әскери бөлім командирі, сондай-ақ теңіз жаяу әскерлері ротасының командирі мен катер командирі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1474
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3094
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1100
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1026