Жұма, 2 Қазан 2026
Жаңалықтар 356 0 пікір 1 Қазан, 2026 сағат 17:23

Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған көрме ашылды

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Алматы музейінде Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, ақын әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Тауларды аласартпай, даланы асқақтату…» атты көрме ашылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы музейінде Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жасқа толуына орай «Тауларды аласартпай, даланы асқақтату…» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті», — делінген хабарламада.

Көрмені Алматы әкімдігінің қолдауымен Қала музейлері бірлестігі ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығымен бірлесе ұйымдастырды.

Экспозиция Олжас Сүлейменовтің шығармашылық жолы мен қоғамдық қызметін кеңінен таныстырады. Ұсынылған жәдігерлердің арасында ақынның жеке заттары, қолжазбалары, марапаттары, кітаптары, архивтік құжаттары мен сирек кездесетін фотосуреттері бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 437
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 682