Соғыстағы Қазақстан азаматтары: ҚР СІМ не дейді?
14 қазақстандық соғыс аймағынан елшілікке жеткізілді ме: СІМ ресми мәлімдеме жасады...
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әлеуметтік желілерде тараған 14 отандасымыздың соғыс аймағынан елшілікке жеткізілгені туралы ақпаратты ресми түрде теріске шығарды. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.
Бұған дейін желіде 8 қазан күні Қазақстан азаматтары еліміздің Ресейдегі елшілігіне жеткізіледі деген хабарламалар тараған болатын.
Ведомство өкілі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын атап өтті. Сонымен қатар ол отандастарымызды елге қайтару бойынша Ресей тарапымен келіссөздер әлі де жалғасып жатқанын және бұл мәселе министрліктің тұрақты бақылауында тұрғанын нақтылады.
Abai.kz