Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3708 0 пікір 6 Қараша, 2009 сағат 07:27

Тележурналистер де қомақты үлес қосты

Адамның дүниетану мүмкіндігі мен жан-жақты деңгейлі ойлауы, түйсінуі сөйлеу және сөйлесу, пікірлесуден көрініс береді. Тілдесу, тіл қатынасы арқылы түсіністікке жету, жалпы адамзаттың коммуникациялық байланысы жасалып келеді. Ұлы Дала деп атанған елде ата-бабаларымыздың даналық сөздері, дәстүрлері   кейінгі ұрпаққа ауыздан ауызға жеткендігі баршамызға аян тарихнама. Өткенімізді тым әріге бармай осы бағытта пайымдасақ, мынадай оқиғалар ойға оралады.

Адамның дүниетану мүмкіндігі мен жан-жақты деңгейлі ойлауы, түйсінуі сөйлеу және сөйлесу, пікірлесуден көрініс береді. Тілдесу, тіл қатынасы арқылы түсіністікке жету, жалпы адамзаттың коммуникациялық байланысы жасалып келеді. Ұлы Дала деп атанған елде ата-бабаларымыздың даналық сөздері, дәстүрлері   кейінгі ұрпаққа ауыздан ауызға жеткендігі баршамызға аян тарихнама. Өткенімізді тым әріге бармай осы бағытта пайымдасақ, мынадай оқиғалар ойға оралады.

Осыдан жиырма жыл бұрын 1989 жылғы 22 қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Қазақ ССР-нің Заңы негізінде тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесін алуы да қазақтың тіл тарихының дамуының ұтымды кезеңі болып тарихинама тармағына қосылды.  Бұл Заңда: «Тіл халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін  белгісі», - деп атап көрсетілді. Тілдің дамуы ұлттық мәдениеттің тұтас өркендеуімен тығыз байланысты. Ендеше, "Діл", "Ұлттық рух" деген ұғымдар тек бір ұлт пен ұлыстың өзiнiң бет ажарын ашарлық, оның генетикалық ерекшелiгiн айқындарлық тұжырымдық, перцептуалдық (қабылдау әдiстерiнiң шоғыры) пәрменімен өркениетті елдердегідей ғылыми жүйеге түсіп, дамудың замана құбылысында үздiксiз тiректiк рөл атқаруына  мүмкіндік туғызады деген демеу халықтың көкірегіндегі үмітіне қозғау салды. Оның айғақтамасы - Республикалық және барлық облыстарда облыстық «Қазақ тілі» қоғамының құрылуы. Қазақ ділінің өркениеттілігін айқындай түсуге жол ашатын осы бір серпіліс  тұрғындарының 70 пайыздан астамы өзге ұлт өкілдерін құрайтын Ертістің Павлодар өңірінің қазақтарына дүмпу болды. Сол жылы Павлодар облысында да облыстық «Қазақ тілі» қоғамының құрылуына облыстың барлық зиялы қауымы өз үлестерін қосты. Ұлттық дәстүрді коммунистік дәстүрмен алмастырған Кеңес Одағының билікті қолдан бермейміз деп тастай бекінген шағында бұл істің қам-қарекеті көп, әрі ауыр жұмыс болатын.

Облыстық БАҚ «Қазақ тілі» қоғамының алғашқы құрылтай жиналысынан тікелей репортаждар жасады. Павлодар облыстық  телерадиокомпаниясы (ол кезде осылай аталды) да халықтың рухани игілігін бұқараға жеткізу амалына белсене кірісті. Сол кездегі телестудиядан тысқары жерлерден ақпарат таратудың техникалық құралдардың қол жеткен жетісітігі болып саналатын көшпелі теледидар станциясының көмегімен облыстық құрылтайдың жұмысы толық жазылып, «Тіл тағдыры - ел тағдыры» айдары бойынша 30 минуттік үш хабар берілді. Тілдік қатынас, оның қоғамдағы орны мен рөлі жайында жан-жақты түсінік беріп, болашақта мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуді мақсат еткен хабарлар осы айдар бойынша эфирден одан кейін де тұрақты жарық көрді және қазір де жарияланып жүр. Алматыдан Павлодар облысының тұрғындарымен кездесуге келген жерлес, белігілі ақын-жазушылар: Аманжол Шәмкенов, Қабдыкәрім Ыдырысов, Нұтфолла Шәкенов (марқұмдар), Мұзафар Әлімбаев, Қалмұқан Исабаев, сондай-ақ, еліміздің белгілі ақындары: Тұманбай Молдағалив, Қадір Мырзалиев және  белгілі аудармашы Герольд Бельгер және т.б.  қоғам қайраткерлері облыстық телестудияның төріне шақырылып, рухани қазынамыз - ана тілі, даналар сөздер жайында мазмұнды да әсерлі ойлар айтылған хабарлар таратылды.

1989 жылғы 22 құркүйекте қабылданған Қазақ ССР-нің «Тіл туралы» Заңы облыс жұртшылығына ерекше серпін берді. Бұл әсер сол жылы Павлодар облыстық партия ұйымының есеп беру-сайлау конференциясы өткен тұста ерекше байқалды. Есеп беру-сайлау партия конференциясы Павлодар трактор зауытының мәдениет сарайына (қазіргі қалалық Мәдениет сарайы) өтті. Оған көшпелі теледидар станциясы қойылды. Конференция жұмысын жазып жатқан кезде күтпеген оқиғаларға тап болдық. Бұған дейін қалалық және аудандық есеп беру-сайлау партия конференцияларында сайланған облыстық партия ұйымының есеп беру-сайлау конференциясының делегаттарын телерадиодан сөйлету үшін облыстық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімімен келісіліп тізім жасалатын. Сол тәртіп бойынша алдына ала жасалған тізімдегі делегаттармен кездесетін орынға бара жатқан жолымызда Павлодар, Екібастұз, Ермак (қазіргі Ақсу) қалаларының және облыстың барлық аудандарының делегаттары өздерінің ортасынан сөйлейтін делегаттарды ұсынып, алдымыздан шықты. Жоғарының айтқанына мүлде дағдыланып қалғандықтан болар, алғашқыда өзіміз бұл іс-әрекетке тосын қарадық. Бірақ, делегаттардың берік байлам жасағанын, алған беттерінен қайтар түрлері жоқ екенін аңғардық. Бұл жағдай  біздің үйреншікті жұмыс технологиямызға өзгеріс жасауға мәжбүр етті.

Адын ала қағазға жазылған мәтінді оқығаннан делегаттардың өзіндік сөйлеу дағыдысында қазақ тілінде еркін сөйлеуі және облыстық партия комитеті жұмысының олқы тұстарын айғақтайтын өткір сынды қаймықпай айтуы біздің журналистік ұйымдастыру жұмысымызға сонылық бағыт жасауға ықпал етті. Жұмысымызды ынталы атқаруға жетеледі, бірақ, сақ болуды ойдан шығармадық. Әрине, есеп беру-сайлау жұмыстары әдетте  бір хабардың ауқымында берілетін көрсетілім, ақпарат. Сондықтан, хабарға жазылған делегаттардың сын сөздерін мүмкіндігінше толық мазмұнда беруге ынталандық. Хабарды эфирге шығарудың әдісін ойластырдық. Конференция жұмысын белгілі журналист Социал Әйтенов («Қазақстан» ОТРК-ның Павлодар облыстық филиалының қазіргі бас редакторы-директордың орынбасары) екеуміз ақылдасып, екі журналистің репортаж жасауына тоқталдық. Менің қолымда облыстық партия комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы Мещеряковтың баяндамасының  көшірмесі болатын. Алдымен баяндамада жазылған атқарылған жұмыстарды айтамыз, ал жұмыстардағы кемшіліктер делегаттар сөзінде берілді. Осылайша алма-кезекпен берілген мәлімет-деректер 30 минуттік хабарда есеп беру-сайлау конференциясының жұмысын толық қамтуға мүмкіндік берді. Көрермен қауым біздің бұл әлеуметтік ақпараттық ұйымдастыру жұмысымызыға риза болғандығын телефон арқылы жеткізді. Осыған орай біз де, сол кездегі облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы М.Әбдірахманов та қанағаттанарлық сезімге бөлендік. Бірақ, бұл қанағаттанушылық ұзаққа бармады. Конференция өткен төрт-бес күннен кейін Мещеряковтың тапсырмасымен облыстық партия комитетінің хатшылары мен облыстық атқару комитетінің басшылары облыстық телерадиокомпаниясына келіп, жиналыс өткізді. Онда қазақ тілінде берілген репортажда облыстық партия комитетіне арналып айтылған сындардың толық берілуі Мещряковке ұнамағаны ескертілді. Ол облыстық партия комитетін осылай сынау өрескел қателік деп санаған. Ендеше біз жазаланамыз-ау деп үрейлендік. Қазақ редакциясының бас редакторы және хабар жүргізушінің бірі ретінде мен хабарды эфирге шығарудың теориялық және практикалық сипатын баяндап, бұл репортажда хабар жүргізуші екі журналист есеп беру жұмысы жайында ешқандай өз пікірлерін қоспағанын алға тарттым. Ал сынды тек қана облыстық партия ұйымының есеп беру-сайлау конференциясының делегаттары айтқанын дәлелдедім. Облыстық партия комитеті мен облыстық атқару комитетінің жиналыс өткізіп отырған басшылары біздің хабар дайындау барысындағы технологиямыздың дұрыстығын сезді ғой деп ойладым, тым қарсы уәж айта қоймады. Бірақ, идеологиялық жұмыста өте сақ болуды қатаң тапсырды.

Облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Мещеряковтың менің жұмысыма КГБ қызметкерлерінің тарапынан бақылау қойғанын кейін білдім. Бақылау кезінде коммунистік партияның идеологиясына қайшы келетін саяси іс-әрекет жасамағандығымды Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылы білдім.

Жеңіс Марденовтен кейін «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болған Айтбай Алдоңғаров Павлодар облысында айтыс өнерін дамытуды қоғамның басты бағыты деп санады. Бұл кезде де облыстық телерадиокомпаниясы облыста өткізілген республикалық және облыстық айтыстарды көшпелі теледидар станциясы арқылы толық таспаға жазып алып, «Ақындар айтысы» айдарымен тұрақты хабарлар берді.  БАҚ-тардың ағартушылық қызметін айғақтайтын мұндай хабарлардың авторы Бақтыбек Құниязов (марқұм) болды. Мемлекеттік тілдің қоғамдық салада кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету жолындағы игілікті істердің табысты болуына облыстық теледидардың белгілі журналистері Ақмарал Сағымбекова мен Гүлжанат Иманғазинова өзіндік үлес қосты. Олар осы тақырып бойынша ұйымдастырылған конкурстарға қатысып, лауреат атанды.

Одан кейін «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болған Сәрсембай Шектібаев облыстың ғалымдарын қатыстырып, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту бағытында көрнекті іс-шаралар ұйымдастырды. Ол фиология ғылымдарының кандидаты, профессор Жақсыбай Сарбалаевтың көмегімен қазақ тілін оқыту және іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізу жұмыстарын ілгері бастыруды қолға алды. Ерсайын Бимағановтың «Қазақ тілі» қоғамындағы  төрағалық қызметінде «Қазақ тілі» қоғамының қалалық және аудандық жұмыстарын жандандыруға ерекше мән берілді.

Жалпы біиліктің, Заңның қуаты халыққа қалай әсер ететінін дәлелдейтін мынадай қорытынды ойға оралды:

- мемлекет тарапынан қабылданған «Тіл туралы» Заң адамдардың ұлттық санасын сергітті. Енді жаппай қазақ тілінде сөйлеуге ұмытылыс жасауға әркеттенді. Алайда, ғасырға жуық үстемдік құрған Кеңес Одағының халқы болып атану жолындағы коммунистік үстемдік идеологиясының пәрменінде орыс тілінде білім алған қазіргі ұрпақ қазақ тілінде өздері сөйлей алмай жүр. Олар үшін қазақ тілінің сөйлесу ортасына кіру тозаққа түскенмен бірдей. Әрине, бұл олардың кінәсі емес, бұл олардың қасіреті. Осы қасіреттің зардабы тиген қазіргі жастар арасында ата-бабалар дәстүрін жалғастыру үдерісін ұзаққа созбай, тездетуді ойластырып, балаларын қазақ мектептеріне берушілер қатары жыл сайын көбейіп келе жатқандағы Елбасы айтқандай «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» екендігін сезінуінің белгісі деп білеміз. Осы негізде жаңарған Қазақстан - менің Отаным дейтін патриоттық сезім нығая түседі деп ойлаймын.

Облыстың БАҚ 1997 жылғы «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңына сәйкес жасалған бағдарламардағы қазіргі тіл саясатын іске асырудың мынадай негізгі бағыттары бойынша материалдар жариялап жүргендігін айтып кету орынды деп санаймын:

- азаматтардың мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті қаржылық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасау;

- мемлекеттік тілді барынша дамыту, оның қоғам өмірінің барлық салаларында, әсіресе ғылым, білім, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік басқару, сот ісін жүргізу, халықаралық қатынастар салаларында белсенді қызмет етуіне қажетті алғышарттар қалыптастыру;

- ел азаматтарының ана тілін қолдануына, олардың қарым-қатынас, тәрбие беру, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдау үшін қолайлы жағдайларды сақтау мен дамыту.

Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" Заңындағы осындай басты мәселелерді іске асыруда БАҚ-тардың әлеуметік ұйымдастыру және тағылымдық қызметінің, облыс тұрғындарының бұл іске белсенділік танытуының нәтижесінде мемлекеттік тіл - қазақ тілін барынша байыту және оның қолдану аясын кеңейтуде жаңа тіл заңын қабылдау керектігі жайында қоғамдық пікірлер жасалып отыр.

Алайда, Зањныњ µміршењдігі айтылѓан ой мен ќойылѓан талаптыњ дєлдігіне жєне пєрменділігіне байланысты. Тіл - жаратылыс туындысы, оны жеке адамдар да, саясат та жасамайды. Сондыќтан, мемлекеттік тіл    мемлекетті ќ±раушы ±лттыњ табиѓи ерекшелігін айқындауы да даму заңдылығының талабы болып саналады. Қоғамдағы ынтымақ жаратылыстағы жақсылықты тану мен дамуды меңгерудің амалдарын зерделеудің нәтижесінде келетіндігі облыстық «Қазақ тілі» қоғамының өткен кездегі  саналуан орамды да орамсыз мәселелер жайындағы пікірталастар барысында байқалды. Қорытындысында интуициялық байқағыштық және көргендеріңді байланыструда белгілі бір шеңберде шектелмеу, даму барысын дөп танып, дербес өзінше айту сияқты ақыл-парасаттың көрінісі дұрыс байлам жасауға бекіндіріп отырды.

Осы бағытта Павлодар облыстық халықаралық «Қазақ тілі» қоғамында бірқатар ұтымды іс-шаралар жүргізіп келеді. Мұрат Әбдірахманов облыстық халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағалық қызметінде  облыстық тілдер басқармасымен тығыз байланыс жасап, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданыс аясын кеңейтуде ресми іс-шаралардың ықпалды болуына өзіндік үлесін қосып келеді.Олардың ішінде қоғамның аударма жұмысы бойынша оқыту ұйымдастыруы,  ономастика жұмысының дұрыс бағыт алуына қатысты ұйғарымдары бар. Сондай-ақ,  «Тіл туралы» қазіргі Заңға тіл мемлекетті ќ±раушы байырѓы ±лттыњ табиѓи µзгешелігін кµрсететін мемлекеттің ерекше белгісі болатындай толықтыру енгізу немесе осы бағытта жаңа Заңның қажеттігі жөнінде қоғам мәжілісінде мәселелер қаралып, оларды БАҚ  арқылы бұқара назарына ұсыну сияқты мазмұнды жұмыстар атқарылуда.

 

Жұмасейт Бижан,

облыстық «Қазақ тілі» қоғамының алқа мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, КСРО теледидар және радиосы үздігі белгісінің иегері, Қазақстанның Құрметті журналисі.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371