Сенбі, 28 Қараша 2026
Жаңалықтар 968 0 пікір 20 Қазан, 2026 сағат 15:28

Ресейлік рэпер NAVAI-ға қатысты іс тоқтатылды

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

«Қордай» өткізу пунктінде есірткі контрабандасы күдігімен ұсталған ресейлік рэпер NAVAI-ға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. 

«Түсіп жатқан сауалдарға байланысты хабарлаймыз: ресейлік рэп-орындаушыға қатысты қылмыстық іс қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес, оның құқық бұзушылықты бірінші рет жасағанын және жасаған ісіне шынайы өкінгенін ескере отырып, ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылды. Қабылданған процестік шешімді қадағалаушы орган бекітті», — деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Abai.kz

0 пікір