Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3249 0 пікір 7 Қараша, 2009 сағат 09:29

ҚАҺАРЛЫ КҮНДЕРДІҢ ӨШПЕС ДАҢҚЫ

Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында жүрек толқытарлық небір тағылымды оқиғалар жиілей бастады. Отан үшін шейіт бол­ған­дарды ресми органдар немесе тіке­лей ұрпақтары тарапынан тыным­сыз іздестіру оң нәтижесімен қуан­туда. Еліміз бойынша майдан­нан оралмаған боздақтардың әйтеуір, бірі болмаса да бірінің дерек хабары нақты дәйектелгенімен, олардың мүрдесі жеткізілмесе де жатқан жерінің топырағы әкелініп, белгі қойылып, құран бағышталып дегендей, зор имандылық шара­лары қылаң беріп қалуы, бір жағынан үлкен сауапты іс екені белгілі. Осының бәрі Ел тәуел­сіз­дігінің арқасында мүмкін етілген ғибратты қадамдарға бағаланатыны тағы аян.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында жүрек толқытарлық небір тағылымды оқиғалар жиілей бастады. Отан үшін шейіт бол­ған­дарды ресми органдар немесе тіке­лей ұрпақтары тарапынан тыным­сыз іздестіру оң нәтижесімен қуан­туда. Еліміз бойынша майдан­нан оралмаған боздақтардың әйтеуір, бірі болмаса да бірінің дерек хабары нақты дәйектелгенімен, олардың мүрдесі жеткізілмесе де жатқан жерінің топырағы әкелініп, белгі қойылып, құран бағышталып дегендей, зор имандылық шара­лары қылаң беріп қалуы, бір жағынан үлкен сауапты іс екені белгілі. Осының бәрі Ел тәуел­сіз­дігінің арқасында мүмкін етілген ғибратты қадамдарға бағаланатыны тағы аян.

Жуырда Алматыда осындай жүрек терберлік бір шараның өткеніне куә болған едік. Есімдері елімізге мәшһүр ағайынды акаде­мик- ғалымдар Сайлау, Сәбит Бай­зақовтардың өмір бойғы көксеген армандары орындалды. Неге осын­шама мерзімге созылған? Себебіне үңіліп көрелік. "Қазақ энцикло­пе­дия­сының" Бас редакциясы 1995 жылы Алматыдан шығарған "Боз­дақтар" деп аталатын Отан қорғау жолында құрбан болған ерлерге ескерткіш кітабында мынандай дерек жарияланған еді: "Бәзгенұлы Байзақ (дұрысы - Бәзікенұлы - Қ.Ә.) 1894 жылы туған, қазақ, Торғай АӘК-нан шақырылған, сержант, 215-атқыштар дивизия­сы­ның 711-атқыштар полкінде қызмет атқарған. 22.10.1943 жылы ұрыста қаза тапқан. Витебск облысының Редьки деревнясында жерленген".

Осы деректің дұрыс-бұрыс­тығына дәлме-дәл көз жеткізу үшін ағайынды ғалымдар жылдарға созыл­ған іздестіру-анықтау жұмыс­тарын үздіксіз жүргізудің нәтиже­сін­де айдай ақиқат пердесін ашты. Кейінгі кездегі интернет жүйесі қыз­метінің мүмкіндіктерін де молынан пайдаланып, әке ныспы­­сындағы сәл әріп қателігінің орны толтырылып, ол сержанттың кү­­мән­сіз Бәзікенұлы Байзақ екен­ді­гіне имандай сенім ұялады. Бұл­тарт­пас дәлелден соң-ақ әке басына барып, топырағын әкелуге қам жасалған. Осы жерде Байзақ ата немересі Айбек Сәбитұлының тегеурінді қимылын атап өткен абзал. Ол "Интергаз Орталық Азия" акционерлік қоғамы бас дирек­торының сыртқы эконо­микалық байланыстар жөніндегі орынбасары болып қызмет ат­қарады. Атасының сүйегі жатқан Беларусь Республикасы Витебск облысының Редьки деревнясына әдейі барып, боздақтар жерленген бауырластар зиратынан бір уыс топырақ әкеліп, өнегелі ұрпаққа тән қасиетті парызын өтеді. Бұл ешқандай өлшеммен есептелмейтін өмірлік мәні зор өшпес өнеге еді.

Ескі Кеңсайда Байзақ атамыз­дың зайыбы Жібек әжеміздің мәң­гілікке жайғасқанына да биыл 19 жылдың жүзі толыпты. Қоршал­ған қабірінің аумағында бір орын бос жатқан... Күтіп жатқандай екен, асыл Ерін! Сонау 1943 жылдың мамырында Торғайдың Сарық­опа­сы бойынан Отан қорғауға өзі сұранып аттанып бара жатып, бес жарым жасар Сайлауын, үштен енді асқан Сәбитін, қырқынан шығып үлгермеген қызылшақа Ра­қы­шын аймалап, құшағына басып құшырлана сүйіп, қырық жасқа да ілікпеген жан жары Жібегіне көзінің астымен үзілердей боп, үздігіп бір қарап жөнеле берген қайран да қайран есіл азамат. Сол кеткеннен оралмады...

Орнында бар оңалды. Жесір Жібек әжеміз үш баласының басы­на тағдыр салған жетімдікті жүдә сылып тастай алмағанымен, маңдай терін шүмектете жүріп, қатар­лары­нан қалдырмай тәрбиелеп, өсірді. Шетінен зерек балалары да үздік оқыды, бүгіндері ел ғылымына қо­мақты үлес қосқан айтулы ғалым­дар. Осы балаларының бүгінгі кіршіксіз болмысына қарап, Байзақ атаның байсалды мінез-құлқын, ерен еңбекқорлығын, ешкімнің ала жібін аттамайтын адалдығын, биік парасат иесі екендігін бағамдауға болар-ау, сірә!

... Бос орынға Сайлау бір уыс топырақ және де ұрпақтарға аманат хат салынған қомақты гильзаны жайлап орнықтырып, ескерткіш белгінің жапсарлас беті гранит тақтамен жабылды. Онда Сәбит жүрегін жарып шыққан мынадай іңкәрлік сөз маржаны қашап жа­зыл­ған екен, көңілді тербеп, те­бі­рен­­тіп жіберген: "Соғыста сұрапыл жан алып, жан беріс, Оққа ұшып, қалыпсың жерінде Беларусь. Табы­лып атың Белгіден ортақ қойылған, Табыстың елмен топырақ түрінде бір уыс". Аруаққа құран бағыш­та­лып, құдайы ас берілді.

66 жылдан соң әке рухымен табысқан ұрпақтарының көңілі бір демденіп, енді 215-атқыштар диви­зия­сы 711-атқыштар полкінің сұра­пыл майдандағы жанқиярлық іс-қимылын індете зерттеп, зерделеу негізінде Байзақ аталарының жауын­­­­герлік бейнесін сомдап көр­сетуге біржола бекінген сыңайлы. Бұл тек өз ұрпағы үшін ғана емес, күллі еліміз жастарын отансүй­гіш­тікке баулуға таптырмайтын үлгі-өнеге емес пе!


Қайсар ӘЛІМ, Алматы.

«Егемен Қазақстан»№368 (25765) 07 ҚАРАША СЕНБІ 2009 ЖЫЛ

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371