Сәрсенбі, 4 Қараша 2026
Жаңалықтар 176 0 пікір 4 Қараша, 2026 сағат 16:09

АҚШ әскерилері Қырғызстанда тренинг өткізді

Сурет: 24.kg сайтынан алынды.

АҚШ әскерилері Қырғызстан шекарашылары үшін тренинг өткізді.

19–30 қазан аралығында АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) мен АҚШ Кеден және шекара қызметі Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің өткізу пункттерінде жұмыс істейтін 30 қызметкері үшін тренинг өткізді.

Қатысушылар жалған жол құжаттарын анықтауды және адамдарды шекара арқылы заңсыз тасымалдау белгілерін табуды үйренді. Оқыту шекара қауіпсіздігін нығайтуға және трансұттық қылмыстық желілердің әрекетіне тосқауыл қоюға бағытталды.

Abai.kz

0 пікір