Сәрсенбі, 11 Қараша 2026
Маңызды 101 0 пікір 11 Қараша, 2026 сағат 02:49

Бейжің Кремльді тағы бір аймақтан ығыстыруда...

Сурет: ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Орталық Азия мен Ауғанстандағы жасырын текетірес

Ресей Орталық Азия мен Ауғанстандағы бұрынғы ықпалын қайта қалпына тырысып жатқанымен, оның амбициялары бұл аймақта басты ойыншыға айналған Қытайдың мүдделеріне келіп тіреліп отыр.

The National Interest басылымының сараптамасына сүйенсек, Кремльдің жоспарлары көбінесе Бейжіңнің рұқсаты мен келісіміне басыбайлы тәуелді.

Мәскеудің белсенділігі: Ресей билігі Ауғанстандағы ықпалын күшейту үшін дипломатиялық қадамдарға баруда. Ресейдің Сыртқы барлау қызметінің басшысы Сергей Нарышкин Кабулға барса, сыртқы істер министрі Сергей Лавров Теһеранда болып қайтты.

Тіпті Ресей 2025 жылдың шілдесінде тәлібтер үкіметін алғашқылардың бірі болып ресми мойындап, әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Қытайдың мүддесі: Мәскеудің басты көлік жобасы — Өзбекстан мен Ауғанстан арқылы Пәкістанға өтетін құны 8,2 миллиард долларлық теміржол құрылысы. Алайда Қытай өз тарапынан ондаған миллиард долларлық Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізін дамытып жатқандықтан, Ресейдің жеке жолын қаржыландыруға мүдделі емес. Бейжіңсіз бұл жобаны іске асыру мүмкін емес дерлік күйде.

Бейжіңнің үстемдігі: Сарапшылар Элданиз Гусейнов пен Эндрю Кучинстің пікірінше, Ресейдің аймақтағы басты делдал немесе қожайын болуға тырысуы шынайы жағдайға мүлде үйлеспейді. АҚШ кеткеннен кейін аймақтағы ең қуатты сыртқы күш — толықтай Қытай болып қалды.

Кремльге қалған мүмкіндіктер: Ауғанстандағы ауқымды геосаяси қайта оралудың орнына, Ресей үшін ең тиімді әрі сенімді салалар — бұл барлау саласындағы ынтымақтастық, терроризммен күрес және шектеулі сауда-саттық қана.

Орталық Азия мен Ауғанстан бағытындағы бұл тартыс Ресейдің аймақтағы рөлі біртіндеп тарының қауызындай қусырылып шектеліп жатқанын айқын көрсетуде...

Abai.kz

0 пікір