Сәрсенбі, 25 Қараша 2026
Жаңалықтар 68 0 пікір 25 Қараша, 2026 сағат 15:44

Жемқорлық: «Қазатомөндіріске» өкілі ұсталды

Сурет: kazatomprom.kz сайтынан алынды.

Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша ұсталғанын хабарлады.

Ресми хабарламада:

«2026 жылғы 23 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі Қ. Омарбековті және басқа да адамдарды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Олар «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және «Заң және Тәртіп» қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасуда», - деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Abai.kz

0 пікір