Бейсенбі, 26 Қараша 2026
Жаңалықтар 138 0 пікір 26 Қараша, 2026 сағат 17:48

Пашинян: Ресей Армения шекарасынан кетеді

Сурет: centralasia.media сайтынан алынды.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян ресейлік шекарашылардың Армения аумағынан толық шығарылатынын мәлімдеді.

2024 жылдың ортасына дейін Ресей шекарашылары «Звартноц» әуежайында және Иранмен шекарадағы «Агарак» бақылау-өткізу пунктінде (БӨП) қызмет атқарған. Ал биылғы жылдың 1 наурызынан бастап Түркиямен шекарадағы «Маргара» БӨП-і Арменияның бақылауына берілді.

Қазіргі уақытта ресейлік шекарашылар 1992 жылғы келісімшарт негізінде Армения-Түркия және Армения-Иран шекараларының белгілі бір учаскелерін күзетуді жалғастыруда.

Abai.kz

0 пікір