Жексенбі, 29 Қараша 2026
138 0 пікір 29 Қараша, 2026 сағат 11:44

Қазақстанның халық артисі Мұрат Серкебаев Алматы мәслихаты депутаттарының сайлауында дауыс берді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігнен алынды

Бүгін Қазақстанның халық артисі, дирижер әрі композитор Мұрат Серкебаев Алматыдағы №91 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Маэстро елдің болашағы мен жас ұрпақ алдындағы жауапкершілік туралы ойын айтты.

«Біз балаларымыз бен немерелерімізге мүмкіндігі мол, қуатты Қазақстанды қалдырғымыз келеді. Ол үшін елде болып жатқан өзгерістерге бей-жай қарауға болмайды. Бүгін мен де таңдау жасадым», – деді Мұрат Серкебаев.

Еске салайық, Алматы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына 168 кандидат тіркелген. Оның 109-ы партиялық тізім бойынша, ал 59-ы бірмандатты сайлау округі бойынша бақ сынап жатыр. Қалада 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 41-інде бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді.

Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Abai.kz

0 пікір