Алматыда сайлау учаскесінде кітап көрмесі мен «Менің таңдауым» фотозонасы ұйымдастырылды
Алматының Жетісу ауданында мәслихат депутаттарын сайлау күні сайлау учаскелерінің бірінде қала тарихына арналған кітап көрмесі мен «Менің таңдауым» фотозонасы ұйымдастырылды.
Дауыс беруге келген тұрғындар көрмеге қойылған кітаптармен танысып, Алматының тарихы туралы тың мәліметтер алуда. Сондай-ақ арнайы безендірілген фотозонада естелік суретке түсуде.
Кітап көрмесі тұрғындарға дауыс берумен қатар, уақыттарын мазмұнды әрі танымды өткізуге мүмкіндік берді.
Abai.kz