Мәслихат есімді жетісулық сайлауда өз таңдауын жасады
Сарқан ауданы, Қарабөгет ауылының тұрғыны Сағатбек Мәслихат мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Оның есімі мен сайлау науқанының атауының үндесуі бұл оқиғаға ерекше назар аудартты,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ауылдық мәдениет үйінде қызмет ететін Сағатбек Мәслихат 29 қараша күні №369 сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру рәсімінен өтті.
«Әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Сондықтан дауыс беру құқығын пайдалану маңызды деп санаймын», – деді ол.
Айта кетейік, мәслихат депутаттарын сайлау – жергілікті өкілді органның құрамын қалыптастыруға бағытталған маңызды саяси науқан. Ал Сарқандық тұрғынның есімі осы науқанмен ерекше үйлесім тауып отыр.
Abai.kz