Қазақстанның опера өнерінің аңыз тұлғасы Бибігүл Төлегенова үйінде дауыс берді
Бүгін, 2026 жылғы 29 қарашада, Қазақстанның әйгілі опера әншісі, КСРО халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенова үйінде дауыс берді.
№559 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері өнер саңлағының үйіне барып, дауыс беруіне мүмкіндік жасады.
Қазақстан мәдениетінің мақтанышына айналған аңыз тұлғаның шаңырағында болу – біз үшін үлкен мәртебе. Бибігүл Ахметқызының саналы ғұмыры мен шығармашылық жолы, қайталанбас таланты және музыкалық өнердің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі еліміздің тарихында айрықша орын алады.
Бибігүл Ахметқызына дауыс беруге қатысқаны үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз!
Abai.kz