Жексенбі, 29 Қараша 2026
127 0 пікір 29 Қараша, 2026 сағат 17:59

97 жастағы Қазақстан спортының аңызы Май Ундеевич Хван Бостандық ауданында дауыс берді

Сурет: Бостандық ауданы әкімдігнен алынды

Бостандық ауданындағы сайлау учаскелерінің бірінде 97 жастағы Май Ундеевич Хван дауыс беріп, азаматтық міндетін орындады.

Май Ундеевич – 1958 жылы КСРО-ның, 1961 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанған, Қазақ спорт және туризм академиясының профессоры, биология ғылымдарының кандидаты.

Ол Қазақстанда конькимен жүгіру, велоспорт және мәнерлеп сырғанаудың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты.

Май Ундеевичтің көп жылғы жаттықтырушылық, ғылыми және ұстаздық еңбегі отандық спорт тарихында айрықша орын алады.

Қарияның жасы да ерекше назар аударуға тұрарлық. Қазақстанда гериатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес, 90 жастан асқан адамдар ұзақ жасаушылар санатына жатады. Демек, 97 жасқа келген Май Ундеевич те осы санатқа кіреді.

Abai.kz

0 пікір