Сайлаудағы танымал қазақстандықтар: журналистер мен блогерлер өз таңдауын жасады
Мәслихат депутаттарын сайлау күні қоғамдық өмірдің түрлі саласының өкілдері де дауыс беруге қатысты. Сайлау учаскелерінекелгендердің арасында танымал журналистер, кәсіпкерлер мен блогерлер бар. Олардыңкейбірі өз таңдауын жасап қана қоймай, азаматтардың өзі тұратын қала мен ел өмірінеараласуының маңызы туралы ой-пікірлеріменбөлісті.
Дауыс беруге қатысқандардың бірі – «Халыққаһарманы» Бақытжан Ертайұлы. ОлАстанадағы сайлау учаскесіне барып, мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты. Оның айтуынша, дауыс беру азаматтықұстанымын білдіруге мүмкіндік берді.
Дауыс бергендердің қатарында танымалжурналист, публицист, Мемлекеттік сыйлықтыңлауреаты Сауытбек Әбдірахманов та бар. Олсайлауға қатысу үшін Астанадағы сайлауучаскесіне келді.
Дауыс беруге қатысқандардың қатарында«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасыШағын және орта бизнесті дамыту комитетініңтөрайымы, кәсіпкер Гүлбану Майгарина да бар. Ол дауыс бергеннен кейін алған әсеріменқысқаша бөлісіп, азаматтық борышынорындағанын атап өтті.
«Азаматтық борышымды орындадым. Өзтаңдауымды жасадым», – деді ГүлбануМайгарина.
Сайлаушылардың жеке жауапкершілігі туралыблогер, қоғам қайраткері ТәңірбергенБердоңғар да пікір білдірді. Ол сайлауучаскесіне жұбайымен бірге келді. Оныңпікірінше, азаматтар өздері сенетін және округ тұрғындарының мүддесін қорғай алатынүміткерді қолдауы маңызды. Мұндай таңдау, оның айтуынша, кейін депутаттарға сұраққойып, ұсыныс білдіруге моральдық тұрғыданнегіз береді.
«Өз округіңде сенім артатын адамды таңдап, оған дауыс беру керек. Сонда кейін депутаттарға өз мүддеңді білдіру үшін жүгінуге моральдық тұрғыдан құқығың болады. Азаматтық ұстаным дегеніміз – осы», – деді Тәңірберген Бердоңғар.
Танымал журналистердің, кәсіпкерлер мен мәдениет өкілдерінің сайлауға қатысуы дауыс берушілердің жалпы белсенділігінің бір бөлігіне айналды. Олардың өзге азаматтармен бірге сайлау учаскелеріне келуі тұрғындардың қоғамдық өмірге араласатынын және өз қалалары мен өңірлерінің даму мәселелеріне бейжай қарамайтынын көрсетеді. Азаматтардың дауыс беруге белсенді қатысуы мәслихат депутаттарын сайлаудың маңызын және жергілікті өкілді органдарды қалыптастырудағы әр сайлаушының рөлін айқындай түседі.
Дауыс беру жалғасып жатыр.
Abai.kz