Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2262 0 пікір 13 Қараша, 2009 сағат 09:08

ҚР ҰҚК Жәкішевтің ісі бойынша ақпараттың сыртқа шығу оқиғасын тергеуде

Алматы. 13 қараша. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. ҚР ҰҚК белгісіз адамдардың youtube.com танымал бейнепорталында «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішевпен әңгімені орналастыру оқиғасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне  жеке сұхбат берген ҚР ҰҚК баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров мәлім етті.

«Біз ақпараттың қайдан шыққанын анықтап жатырмыз. Алайда нақты қорытындыны және бағаны тергеу береді», - деп атап көрсетті ол.

Ол ақпараттың сыртқа шығуына ведомстводағы әулетаралық күрестің және арнаулы қызметті бұрын басқарған Нартай Дүтбаев пен ҚР ҰҚК-нің қазіргі басшысы Амангелді Шабдарбаевтың адамдарының арасындағы қарсы тұру себеп болғаны туралы сөзді жоққа шығарған да, қуаттаған да жоқ.

«Бізде мұны дәлелдейтін деректер жоқ. Біз жұмыс істеп жатқанымызды атап көрсеткім келеді. Мұны жасаған Дүтбаевтың адамдары ма, Шабдарбаевтың адамдары ма, бұл талқылауға жатпайды. Біздің міндетіміз басқа, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі. Бұл іске қатысты жеке мүдделеріміз жоқ», - деп атап көрсетті К. Бекназаров.

ҚазТАГ-тың белгісіз адамдардың И. Жәкішевпен әңгімесі арнаулы қызметтің қандай шенеунігінің кабинетінде өткені туралы сұрағына К. Бекназаров түсініктеме берген жоқ.

Ол «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының қазіргі басшысы Владимир Школьник пен М. Жәкішевтің бетпе-бет кездесуі өткізілгені-өткізілмегені туралы да бейхабар болып шықты.

«Бұл – тергеудің құпиясы. Мен бұл туралы ештеңе білмеймін», - деді К. Бекназаров.

Бұрын хабарланғандай, youtube.com бейнепорталында белгісіз біреулер Мұхтар Жәкішевпен әңгіменің үзінділерін орналастырған. Ұлттық компанияның бұрынғы басшысының жауаптарына қарағанда, кездесу ҰҚК ғимаратында өткен. Қамауда отырған М. Жәкішевтен сұхбат алған адамның кім екені және бұл сұхбат интернетке қандай мақсатпен орналастырғаны әзірге түсініксіз.

М. Жәкішев белгісіз адамдармен әңгімелескен кабинеттің интерьеріне қарағанда, сұхбат арнаулы қызметтерде істейтін шенеуніктің кабинетінде өткен. «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы барлық сұрақтарға ықыласпен жауап беріп, атом өнеркәсібіндегі нарықтың негізгі ойыншылары туралы және өзіне тағылып отырған айыптың кейбір тармақтары бойынша үнсіздік танытуының себептері туралы әңгімелейді.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішев оның белгісіз адамдармен әңгімесі өткен кабинеттің арнаулы қызметтердің қандай жоғары шенді шенеунігіне тиесілі екенін және өзінен сұхбат алған адамдардың есімдерін айтпай отыр.

Ал «Қазатомөнеркәсіптің» қазіргі басшысы В. Школьник М. Жәкішевтің өзіне қатысты мәлімдемелерін «жорамал» деп есептейді. Оның айтуынша, ол М. Жәкішевтің бейнежазбасын көре алмаған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435