Алқалы жиынға айтарымыз бар...
Тұңғыш рет өткелі отырған қазақ баспасөзі өкілдерінің халықаралық форумы туралы құлағдар болған сырттағы әріптес-ағайын ортасы да елеңдеулі көрінеді. Олардың қайсыбірі форумға қатысуға тілек білдіріп, ұйымдастыру алқасына өтініш айтып жатса, қайсыбірі жиын барысында мына бір жайттар назарға алынса екен деп ұсыныс-пікірлерін жолдауда. Біз «Шалқар -2» газетінде жарық көрген сондай бір пікірлер жиынтығын жария етуді жөн көрдік.
Смайыл Кесижи, Ұлыбритания қазақ мәдени орталығының төрағасы:
Тұңғыш рет өткелі отырған қазақ баспасөзі өкілдерінің халықаралық форумы туралы құлағдар болған сырттағы әріптес-ағайын ортасы да елеңдеулі көрінеді. Олардың қайсыбірі форумға қатысуға тілек білдіріп, ұйымдастыру алқасына өтініш айтып жатса, қайсыбірі жиын барысында мына бір жайттар назарға алынса екен деп ұсыныс-пікірлерін жолдауда. Біз «Шалқар -2» газетінде жарық көрген сондай бір пікірлер жиынтығын жария етуді жөн көрдік.
Смайыл Кесижи, Ұлыбритания қазақ мәдени орталығының төрағасы:
- Елдің хабарын күн сайын естіп, білгіміз келеді. Әсіресе, балаларымыздың құлағына қазақ тілін құя берсек дейміз. Өкінішке қарай, ол мүмкіндік бізде өте тапшы. Әдетте, интернеттен «қазақ газеттері» деп іздегенде, қазақ басылымдарының тізімі шығуы тиіс қой. Осылайша интернеттен қазақ тілді басылымдарды таппай қиналасың. Сонда қалай, қазақ елі тәуелсіздік алғанына 20 жыл толғалы отыр. Дүние қазір барлық хабар - ошарды веб сайттардан алады. Қазақ үкіметі бұл мәселеге неге мән бермей отыр екен? Бізді қинайтыны осы мәселе. Лондонда үш мыңға жуық қазақ тұрамыз. Көпшілігі жастар. Өзге жұрттар секілді өз ана тілімізде сөйлеп, ана тілімізде шыққан басылымдарды оқысақ дейміз.Үйңіде неше компьютерің болғанымен, қазақшасы жоқтықтан көңіліңді құлазытады. Бізге басылымдарды жеткізу қиынырақ, интернеттен оқығанымыз ыңғайлы. Сондықтан, Қазақстандағы қазақ тілді басылымдардың бәрі ғаламторға енгізіліп, арнайы жүйеленсе. Еуропада әр қазақтың үйінде компьютері, ғаламторға ену мүмкіндігі мол. «Қазақ газеттері» деп іздегенде, қазақ газеттері алдымызға келіп, жылдам оқи беретіндей мүмкіндікке қол жеткізсек деп арамандаймыз.
Жапарбай Шадкам, Тегерандағы Иран радиосы қазақ бағдарламаларының жетекшісі:
- Иран радиосынан күнделікті бір сағат қазақ тілінде хабар береміз. Ең маңызды деген жаңалықтар назардан тыс қалмайды. Туған халқымыздың ән-жыран да тиісінше уақыт бөлінеді. Бір қарағанда, бұл жақсылық. Алайда, Иран қазақтары тілінен ажырап барады. Не елге келмесек, не қазақ үкіметі бізге көмек қолын созбаса, біраз жылдан кейін нағыз «тілі кесілген» ұрпақ біз боламыз. Біздегі қазақтар араб жазуында оқиды. Қазақстанда араб әріпімен шығатын «Шалқар - 2» газеті бар. Оны жолаушылар арқылы алып тұрамыз. Бұрын «Біздің Отан» - «Шалқар» газеті бізге келіп тұрушы еді. Қазір келуін тоқтатты. Сол себептен, Иран қазақтарына «Шалқар - 2» газетін жеткізуді ойластырсаңыздар деген өтініш айтқым келеді.
Біздің де радионың сайты және өзімнің жеке сайтым бар. Мұнда қазақтың салт-дәстүрлері мен әдебиетінен, мәдениетінен хабарлар орналастырамын.
Қазақстанда қазақ журналистерінің басқосуы өткелі жатыр екен, әріптестерімді құттықтаймын. Еңбектеріңізге жеміс тілейміз!
Орынбасар Қуандықов, Мәскеудегі «Қазақ тілі» газетінің бас редакторы:
- Ресей астанасында 1990 жылдан бері жұмыс істеп келген «Қазақ тілі» қоғамы қазір Мәскеудегі қазақ мәдени орталығына айналған. Бұдан басқа 20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Мұрагер» қазақ мәдени орталығы бар.
Қоғам сол орталықпен бірлесіп, 2006 жылдан бастап «Қазақ тілі» деген А-3 форматты 8 беттік газетті айына бір рет шығарып келеді. Сондай-ақ, www. Kazakh-tili.ru атты екі тілде хабар тарататын интернет парақшасы бар.
Ресейдің 28 аймағына 999 данамен тарайтын газет материалдарының 60%-ы орысша, 40%-пайызы қазақ тілінде.
Сондай-ақ, бізі қазақ тілі түгілі, орыс тілінде Қазақстан туралы ақпарттарды сараң естиміз. Не «Қазақстан», не «Хабар» телеарналарын көре алмаймыз. Қазақша түгілі, орысшасын көруге де зәруміз. «Caspionet» деген спутниктік арна барын білеміз. Ал, ұшырған спутник ауада жарылып кетті дей ме, әйтеуір бізге ештеңе жеткен жоқ. Сондықтан, Қазақстанда өтетін халықаралық қазақ журналистерінің алғашқы басқосуында қазақ баспасөзін шетелдерде тарату мәселесі көтерілсе дейміз.
Қалил Тосын, Франциядағы «Қазақ» интернет сайтының иесі:
- Францияда спутниктік телеарна Каспионетті ғана көреміз. Ол күніне үш уақыт қана қазақ тілінде хабар таратады. Демалыс күндері қазақша концерттер, айтыстар беріп жатады, бірақ бұл жеткіліксіз. Біздің тілегіміз - шетел қазақтарына арнап 24 сағат бойына қазақ тілінде хабар тарататын бір теларна ашса. Бұл белгілі бір деңгейде қазақ балардың қаза тілін үйренуіне де септігін тигізетін болады.
Қазақстан елшілігі бізге көп кітап әкеліп берді. Алайда, ол кітаптар кирилше жазылғаннан кейін, оқи алмай жатырмыз. Біз латын қарпімен сауат аштық қой.
Дастан Бейсебаев, Омбыдағы «Атамекен» қазақ газетінің құрылтайшысы әрі бас редакторы:
- Біздегі жастарда тіл мәселесі қиындап барады. Бұл жақтан қаза тілінде жазылған дыбыс таспаларды апарып тұрамыз. Тілдік ортаның жоқтығы - бізді туған жұрттан алыстата түскендей. Қайткен күндеде қазақтың қазақтығын сақтап қаламыз деп жүгіріп жүрміз. Өткен жылдан бері «Атамекен» атты қазақ газетін шығара бастадық. Бүгінде ресми тіркелген жалғыз газет - «Атамекен» ғана болып отыр.
Алдағы уақытта қазақстандық қазақтілді басылымдармен тығыз байланыс орнатқымыз келеді.
«Шалқар - 2» газеті, №43-44, қараша, 2009 жыл.