Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2909 0 пікір 19 Қараша, 2009 сағат 07:48

Астана-Финанстың ішкі кредиторлары қарызды компанияның акцияларына ауыстырудан бас тартты

Алматы. 19 қараша. ҚазТАГ – Игорь Киндоп.  «Астана-Финанс» АҚ-ның ішкі кредиторлары субординерленген міндеттемелерді компанияның капиталына ауыстырудан бас тартты. Сәрсенбі күні компанияның басқарма төрайымы Эльмира Ибатуллина осындай ақпарат айтты.

«Бастапқыда субординерленген қарызды ұстаушыларға компанияның қарапайым акцияларының 16 пайызы ұсынылды. Бұл топқа мемлекеттік мекемелер де кіреді. Мен олар үшін шешімі күрделірек болатын заңды шектеулер туралы айтқан болатынмын. Бұл жағдайда олар шешімді өткізу қиын болатынын түсінгендіктен, олар бүгін бұл опцияда ұсынылған капиталдың 16 пайызын алмастырмауды ұсынды», - деп мәлім етті ол сәрсенбі күні журналистермен кездесуде.

Келіссөздердің нәтижесінде Астана-Финанс компанияның субординерленген қарызын 15 жыл жеңілдік кезеңмен 25 жылға ұзартуды ұсынды.

«Бастапқыда ұсынылғанға қатысты жалпы шарттар – бұл жергілікті қарыздар үшін пролонгация 9 жыл жеңілдікті кезеңмен 20 жыл болса, субординерленген міндеттемелер үшін 15 жылдық жеңілдікті кезеңмен 25 жыл болады», - деп түсіндірді Э.Ибатуллина.

Астана-Финанс холдингтік компаниясы - Қазақстанның банктік емес ұйымдарының арасында қаржы қызметтерін көрсетуші жетекші компаниялардың бірі. Компанияның активтері 2009 жылдың қаңтар-маусымында $1,8 млрд теңгені, жеке капиталдың дефициті $138,4 млн теңгені құрады. 19 мамырда компания негізгі қарыздың төлемдерін және барлық ішкі міндеттері және сыртқы міндеттерінің біразы бойынша сыйақыларды төлеуді тоқтататынын мәлімдеді. Компания қарызын қайта құрылымдау жоспарын әзірлейтінін хабарлады. ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі 4 маусымда компанияның үш лицензиясын үш ай мерзімге тоқтатты. 2009 жылдың қырқүйегінде компания ҚҚА берген барлық лицензияларды кері қайтарды. 2009 жылдың 30 қазанында Астана-Финанстың акциялары KASE тізімінен шығарылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371