Сүйінші! Біздің сайт бірінші!
Кеше абайшыл ағайынның мерейін үстем еткен бір жиын болды. Алматы шәріндегі «Ретро-шлягер» кешенінде осымен жетінші рет өткізілген «AWARD.kz» ұлттық интернет-сыйлығының қорытынды кешінде аталған байқаудың «ең үздік қазақтілді сайт» номинациясы бойынша бірінші орын Abai.kz ақпараттық порталына бұйырды. Бұл ақпараттық порталымыздың е-кеңістікке желкенін кергеніне жеті-сегіз айдың жүзі енді толса да өз оқырманын тауып һәм қалыптастырып үлгерген басылымға айналғандығының алғашқы белгісі деп білеміз. Бұл Абай сайты үшін шығармашылық қиялын, ынта-шынтасын арнаған дизайнерден бастап бас үйлестірушіге дейінгі сайт командасының жұмысына берілген оң баға екендігін айтқымыз келеді. Бұл сыйлықты бүгінгі Алаш ұрпағының ортақ жеңісіне балап мәртебеміз және өсіп отыр . Ендеше, сыйлық құтты болсын, ағайын! Біз ұсынылған номинация бойынша екінші орын «Құран-кәрім» сайтына берілсе, үшінші орын Нұрғиса Асылбековтың авторлық блогына тиесілі болды. Қазнет, Қазнет болғанда тек қазақтілді сегментті дамытуға зор үлес қосып жүрген азаматтардың жеткен жетістігі, асқан белі құтты болсын! Айтпақшы, «Қазнетті дамытудағы ерен еңбегі», әсіресе шенеуніктердің таным көкжиегіне блог деген бейтаныс түсінікті әкелгені үшін үкіметбасы Кәрім Мәсімовке де сыйлық бұйырды.
Кеше абайшыл ағайынның мерейін үстем еткен бір жиын болды. Алматы шәріндегі «Ретро-шлягер» кешенінде осымен жетінші рет өткізілген «AWARD.kz» ұлттық интернет-сыйлығының қорытынды кешінде аталған байқаудың «ең үздік қазақтілді сайт» номинациясы бойынша бірінші орын Abai.kz ақпараттық порталына бұйырды. Бұл ақпараттық порталымыздың е-кеңістікке желкенін кергеніне жеті-сегіз айдың жүзі енді толса да өз оқырманын тауып һәм қалыптастырып үлгерген басылымға айналғандығының алғашқы белгісі деп білеміз. Бұл Абай сайты үшін шығармашылық қиялын, ынта-шынтасын арнаған дизайнерден бастап бас үйлестірушіге дейінгі сайт командасының жұмысына берілген оң баға екендігін айтқымыз келеді. Бұл сыйлықты бүгінгі Алаш ұрпағының ортақ жеңісіне балап мәртебеміз және өсіп отыр . Ендеше, сыйлық құтты болсын, ағайын! Біз ұсынылған номинация бойынша екінші орын «Құран-кәрім» сайтына берілсе, үшінші орын Нұрғиса Асылбековтың авторлық блогына тиесілі болды. Қазнет, Қазнет болғанда тек қазақтілді сегментті дамытуға зор үлес қосып жүрген азаматтардың жеткен жетістігі, асқан белі құтты болсын! Айтпақшы, «Қазнетті дамытудағы ерен еңбегі», әсіресе шенеуніктердің таным көкжиегіне блог деген бейтаныс түсінікті әкелгені үшін үкіметбасы Кәрім Мәсімовке де сыйлық бұйырды. Ұйымдастырушылар марапат диплом мен хрустал белгіні Мәсімовтың қолына тапсыруды осы кешке арнайы келіп, мархабат жүзін көрсетіп кеткен ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеевке аманаттады.
«Абай-ақпарат»