Жаңа жылды жаңа үкіметпен қарсы алуымыз мүмкін
Сонымен кешегі ауыс-түйістің нәтижесі бойынша Дархан Калетаев "Нұр Отан" ХДП бірінші орынбасарлығынан босап, "Самұрық-Қазына" мемлекеттік холдингінің басқарушы директоры болып тағайындалды. Дархан Аманұлының партиядағы бұрынғы қызмет орнына Нұрлан Нығматулин келді. Нығматулин осы күнге дейін Қарағанды облысының әкімі болды. Қарағанды облысының әкімі болып вице-премьер Серік Ахметов барады.
Редакциямызбен байланысқан құпия дерек көзінің мәліметіне сүйенсек, ауыс түйіс осылайша жалғаса беретін көрінеді. "Бірнеше облыс әкімдері қызметінен босап, атқарушы билікте жаңа есімдер пайда болады. Ал, жаңа жылды Қазақстан жаңа үкіметпен қарсы алуы мүмкін" дейді, есімін жария етпеуді өтінген Ақ Ордаға жақын шенеунік.