«ҚР – ЕО» ынтымақтастық кеңесі Астана мен Еуроодақ арасындағы жаңа базалық келісімді жасақтау қажеттігін қолдады
Астана. 19 қараша. ҚазТАГ – «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» ынтымақтастық кеңесі ҚР мен ЕО арасындағы жаңа базалық келісімді жасақтау қажеттігін қолдады. Мұндай шешім Брюсселлде «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» ынтымақтастық кеңесінің 11-ші отырысы кезінде қабылданды. Ол кездесуге қазақстандық делегацияны премеьр-министрдің орынбасары Ербол Орынбаев бастап барды, делінген ҚР СІМ таратқан хабарда.
«Өткен отырыстың негізгі қорытындысы Қазақстан мен Еуро Одақ арасындағы қолданыстағы ынтымақтастық пен серіктестік туралы келісімді (ЫСК) қайта қарау және екіжақты қарым-қатынасты жаңа сапалық деңгейге көтеру мақсатында базалық жаңа келісімді одан ары жасақтау керектігі туралы бірлескен мәлімдеме қабылдауы болды», - делінген хабарда.
Хабарда келіссөздерге Еуропалық Одақтың «Үштігінің» делегациясын Еропалық Одақ кеңесінің бас хатшысы – Еропалық одақтың жалпы сыртқы саясаты және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Хавьер Солана, Еуропалық Одақтың сыртқы байланыстары мен Еуропалық көршілік саясаты жөніндегі комиссары Бенита Ферреро-Вальднер мен ЕО-да төрағалықтағы Швецияның сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Франк Белфраге, келешектегі Испанияның ЕО Кеңесіндегі президенттігін өкілдендіріп отырған, сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік хатшы Анхель Лоссада Торрес-Куеведо бастап келгені айтылады.

Кездесуде екіжақты және аймақтық ынтымақтастық пен халықаралық проблемалар жөнінде сындарлы сұхбат болды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, еропалық тарап ЕО-ның Орталық Азиямен жаңаша серіктестік жөніндегі стратегиясын іске асыруда Қазақстанның едәуір үлесін атап көрсетті.
Қолданыстағы ЫСК-нің 10 жылдығына байланысты тараптар екіжақты саяси диалогтың, оның ішінде адам құқықтарына қатысты да жемісті дамып отырғанын, екіжақты сауда көлемі мен инвестицияның айтарлықтай көтерілгенін, бостандық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көлік пен энергетика, қоршаған ортаны қорғау мен білім беру саласындағы ықпалдастықтың едәуір нығайып және жандана түскенін атап өтті. «Сонымен қатар екі жақ та ынтымақтастық пен серіктестік туралы келісім, Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы өткен он жыл ішінде дамып кеткен кемелденген серіктестікті де, Қазақстанның саяси және экономикалық сыртқы саясат субъектісі ретіндегі өскелең мәнін де толығымен қамти алмайды деген ортақ пікірге келді», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ынтымақтастық кеңесі, қол жеткізілген консенсус екі тараптың да өзара мүдделерін ескере отырып, ынтымақтастықтың әр саласында мейлінше ықпалдасуға дайындығы мен ұмтылысын білдіретінін атап көрсетті.