Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 2685 0 пікір 21 Қараша, 2009 сағат 08:34

Ялтада Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын әр салада дамыту туралы құжаттарға қол қойылды

Ялта. 20 қараша. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын әр салада дамыту туралы құжаттарға қол қойды. Құжаттарға үкімет басшылары Кәрім Мәсімов пен Владимир Путин Ялтадағы ТМД үкімет басшыларының кеңесінің отырысынан кейін жұма күні қол қойды. 

ҚазТАГ тілшісі хабарлағандай, Қазақстан мен Ресей территориясы арқылы жүктердің тасымалдануына қолайлы тарифтік шарттар жасау туралы үкіметаралық келісімге; Қазақстан мен Ресей біртұтас энергетикалық жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету шаралары туралы үкіметаралық келісімге; 2002 жылғы 7-ші шілдедегі мұнай транзиті туралы үкіметаралық келісімге өзгертулер енгізу туралы хаттамаға; Екібастұз МАЭС-2-нің құрылысын қаржыландырудың индикативті шарттары туралы келісімге; 2006 жылы желтоқсанда қабылданған атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану саласында табиғи уранды бірлесе өндіру, уранды байыту мен атом энергетикасы нысандарын жобалау және салу жобаларына қатысты қазақстан-ресей ынтымақтастығының кешенді бағдарламасына қосымша шаралардың «жол картасы»; ресейлік автомобиль жасау«СОЛЛЕРС»  компаниясы мен қазақстандық «Азия Авто» арасындағы Қазақстанда бірлесе автомобильдер жасау туралы меморандумына қол қойылды.

Қол қойылған құжаттардың мән-жайы әзірге айтылмайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1539
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6076