Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3185 0 пікір 24 Қараша, 2009 сағат 06:14

Қазақстанның «Байқоңырдан» «Дабл Ю 7» - ні ұшыруға рұқсат бермеуі Роскосмостың өз жоспарларын үнемі өзгертіп жататынына байланысты – Қазғарыш

Астана. 24 қараша. ҚазТАГ – «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Дабл Ю 7» ғарыш аппаратын «Протон – М» зымыран тасығышымен ұшыруға Қазақстанның келісім бермеуіне Роскосмостың өз жоспарларын үнемі өзгертіп жататыны себеп болды, дейді Қазғарыш ұлттық ғарыш агенттігі.

«Ресей жағының Қазақстан үкіметімен келісілген ҒА ұшырылу кестесінің өзгеріп тұратындығынан көрініс табатын 1999 жылғы 18-ші қарашадағы үкіметаралық келісімнің тармақтарын тұрақты түрде сақтамауы, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырудың дер кезінде жүзеге асырылуда туындайтын проблемалардың себебі болып табылады», - делінген Қазғарыш ұлттық агенттіктің сайтында таратылған ақпараттық хабарда.

Ресей БАҚ-тары хабарлағандай, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан дүйсенбі күнге жоспарланған «Протон – М» -нің еуропалық Eutelsat-W7 спутнигімен ұшылыруы  Қазақстанның ұсынысымен кештеу уақытқа шегерілді. Бұл Ресей жағына материалдық және иммидждік нұқсан келтірді деп айтылады.

Бұл ретте Қазғарыш «ҚР мен РФ арасындағы 1999 жылғы 18-ші қарашада қол қойылған «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттары мен сынақ аппараттарын ұшыруға қорытынды (үйлестірілім) беру тәртібі туралы үкіметаралық келісімнің 2-ші тармағына сай Ресей жағы өткен жылдың 30-шы қарашасынан кешіктірмей Қазақстан жағына дипломатиялық арналар арқылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттары мен сынақ ұшырылымдардың келесі жылға арналған ғарыш аппараттарының мақсаты мен түрлері, зымыран тасымалдағыштың атауы, ұшыру жоспарланған мерзімі (тоқсан сайынғы) көрсетілген жоспарын тапсырып тұруға тиіс» деп түсіндіреді.

Аталған келісімнің 4-ші бабына сай, Қазақстан жағы (ҚР үкіметі) өткен жылдың 30-шы желтоқсанына дейін дипломатиялық арналар арқылы Ресей жағына «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттары мен сынақ ұшырылымдардың келесі жылғы жоспарына қатысты өз шешімін жеткізеді. «Жоспар жөніндегі қорытынды (үйлестірілім) оны іске асырудың негізі болып табылады», - деп атап көрсетеді Қазғарыш.

Ұлттық агенттік ҚР үкіметінің 2008 жылғы 26-шы желтоқсандағы № 1268 қаулысымен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттары мен сынақ ұшылырымдардың 2009 жылға арналған жоспарына қатысты қорытынды беріліп, ол дипломатиялық арналар арқылы Ресей жағынан жіберілген және соның негізінде 2009 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран ұшырылу іске асырылады. «Келісілген жоспарда «Дабл Ю 7» ҒА-ны ұшыру қарастырылмаған», - деп атап көрсетеді Қазғарыш.

«Биылғы жылдың ортасында Ресей жағының өтінішімен ҒА ұшырылым жоспарына өзгерістер енгізіліп, бірнеше басқа ҒА-ны ұшыру алынып тасталып, қосымша үш ҒА («АзиатСат-5», «ИнтелСат-16» и «АМС-4Р») «Протон – М» зымыран тасымалдағышпен ұшыру енгізілді. Аталған өзгерістер ҚР үкіметінің 2009 жылғы 6-шы тамыздағы №1195 қаулысымен бекітілді», - делінеді Ұлттық агенттік хабарында. 

Бұл ретте Қазғарыш 2009 жылдың 26-шы қыркүйегінде Ресей жағының басқа екі ҒА-ның орнына «Протон – М» зымыран тасымалдағышымен «Дабл Ю 7» ҒА-ны ұшыруды келісу туралы кезекті өтініші алынғанын айтады. 

ҚР барлық мүдделі органдармен келіскен соң аталған өзгерістерді ҒА-ны ұшыру жоспарына енгізу туралы ҚР үкіметінің қаулысының жоспары ҚР премьер-министрінің кеңсесіне жіберілді.

«Қазақстан үкіметінің шешім қабылдауы ұзақ мерзімді қажет етеді және қазіргі уақытқа аяқталған жоқ және тиісті ақпарат Роскосмосқа жеткізілді», - деп хабарлайды Қазғарыш.

Одан басқа, ұлттық агенттігінің мәліметтерінше, биылғы жылдың 2-ші қарашасында Роскосмостан кезекті өтініш келген. Онда «Протон – М» зымыран тасығышымен «Дирек ТВ-12» ҒА ұшыруды келісу керектігі айтылған. «Қазіргі уақытта аталған ұшырылымның мүмкіндігін Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары қарастырып  жатыр», - деп көрсетілген Қазғарыш хабарында.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318