Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3444 0 пікір 25 Қараша, 2009 сағат 07:45

Италиялық фирма СҚО-ны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге дайын

Петропавл. 25 қараша. ҚазТАГ – Италияның «Инжиниринг техникал солушен» фирмасы Солтүстік Қазақстан облысын (СҚО) сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге дайын. Бұл туралы сейсенбі күні СҚО әкімі Серік Біләловпен кездесуде компанияның директоры Герман Диего Лаварельо мәлім етті.

«Біздің фирма  қауіпсіз ауыз сумен қамтамасы етуге, суды тазартуға және қоршаған ортаның проблемаларын шешуге маманданған, - деді Д. Лаварельо. – Біз сіздің өңіріңізге аз шығындала отырып, халықты жақсы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жобаны ұсынуға әзірміз».

Д.Лаварельо жаңаша еуропалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын жоба туралы айтып берді. Ол осындай арзан жоба (ұңғыманы бұрғылаудан бастап, іске қосуға дейінгі жұмыстар кіретін жобаның құны шамамен 10-15 мың доллар болмақ) Қазақстан үшін тиімді екенін жеткізді. Бұған қоса, италиялық фирманың директоры жарнамалық қадам ретінде аймақтағы елді мекендердің бірінде бұл жобаны тегін жүзеге асыруды ұсынды.

«Біз бұрғылаудың алдында топыраққа мұқият сараптама жүргізіп, оның нәтижесіне байланысты өзіміздегі тазарту жүйелерінің бірін таңдаймыз, сондықтан таза және қауіпсіз су алынатынына кепілдік береміз. Біз қолданатын тазарту жүйелерінің ішінде мембрандық фильтрлеу де бар», - деп сендірді Д.Лаварельо.

СҚО әкімі «облыстың барлық 13 ауданында халықты сапалы ауыз сумен қамту проблемасы бар болғандықтан», аймақ мұндай жобаға қызығушылық танытып отырғанын мәлім етті.

«Біз бұл ұсынысты зерттеп, жаңа жылдан кейін жобаны әр ауданның бір елді мекенінде жүзеге асыруға қаржы бөлетін шығармыз», - деді С.Біләлов. Ол шұңқыр қазуды қажет етпейтін жер үстіндегі сыйымдылықтар, ұңғымалар тереңдігінің 300 метрге дейін жетуі (қазір СҚО-да ең көп дегенде 100 метр тереңдікке дейін қазады) және сағатына 10 тонна су тазартуға мүмкіндік беретін технология жобаның артықшылығы болып табылатынын жеткізді.

С. Біләлов жобаны «қызықты» деп атап, оны жүзеге асыру үшін «Петропавл су» акционерлік қоғамын базалық кәсіпорын қылып алуды тапсырды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320