Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4267 0 пікір 25 Қараша, 2009 сағат 07:59

Маңғыстаудың ұлдар хоры Аустриядан күміс жүлдемен оралды

Ақтау. 25 қараша. ҚазТАГ – Аустрияда өткен Франц Шуберт атындағы 26-шы халықаралық хор байқауында Маңғыстау облысының «Ер Төстік» ұлдар хоры күміс медальға ие болды.

Халықаралық байқауға Еуропаның 12 елінің хорлары қатысты. Конкурсанттардың барлығы лайықты болды, ал қазылар алқасы қазақстандық өрендердің орындауын жоғары бағалады.

«Біздің хор 2008 жылы Абыл Тарақұлының атындағы мектептің жанынан құрылды. Кішкентай болғандарына қарамастан, балалар жаттығып, түрлі жарыстарда Маңғыстау облысының намысын лайықты деңгейде қорғап, үйге жүлдемен оралады. Бұл жолы қазылар алқасы қазақстандық өрендердің орындаушылық шеберлігіне тәнті болып, бізді жоғары бағалады», - дейді Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебінің директоры Рухия Батыршеева.

Венадағы байқау ересектер, аралас және балалар ұжымдары арасында үш номинация бойынша өтті. Маңғыстаулық жас әншілер конкурсқа қатысумен шектелмей, Вена қалалық шіркеуінде өткен фестивальда скрипка, виолончель  және органның сүйемелдеуімен бірнеше ән орындады.

Балалар туған Ақтау қаласына оралысымен келесі жылы Қытайда өтетін кезекті байқауға дайындық шараларын бастап кетті.

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 195
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 235
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 224
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 155