Байжан Дубай. Әрбір бесінші адамның сайлауға қатысқысы келмейді
Саяси шешімдер институты (СШИ) мен Әлеуметтанушылар мен саясаттанушылардың қауымдастығы (ӘСҚ) бірлесіп жақында «Қазақстандық электораттың партиялық таңдауы» деген әлеуметтік сауалнама жүргізді.
Биліктің ығына жығылып «өтірікті шындай, ақсақты тыңдай» қылып көрсететін кейбір ұйымдардай емес бұлардың сұрау салу нәтижесі ақиқаттың ауылына жақын секілді көрінді. Жалпы алып қарағанда отандастарымыздың саяси көзқарастары мен қоғамдық белсенділіктерінде айта қаларлықтай өзгерістер көрінбейді.
Әдеттегідей әрбір бесінші адам алда сайлау болса қатыспайтынын мәлімдеген. Бұлар елімізде 20 жыл бойы сайлаудың қалай өтіп келе жатқанынан біршама хабары бар топ. Сұрау салынған азаматтардың 26,6 пайызы сайлауға бюджет қаржысының жұмсалуына қарсы болса, 15,4 пайызы сайлауды түкке тұрмайтын шара, ақша текке қолды болады деп санайды.
Ал ел-жұрттың саяси партияларға деген сенімі сетінеп-ап тұр екен. Бүкіл билікті уысына ұстаған «Нұр Отан» партиясының сенімділік рейтингі өткен айда 7 пайыз, осы айда 5 пайыз төмендеген. Оның себебі дағдарыс кезінде әлеуметтік маңызды шешімдер қабылдай алмағандықтан деп түсіндіріледі. Халықтың артқан үміті ақталмай, күдігі ұлғайып келеді.

Ал саяси партиялар туралы сұрақтарға жауап беруге қиналатын 24,3 пайыз бен ешбір партияны қолдамайтын 20 пайыз электоратты соңына ерте алған саяси ұйымның бағы жанайын-ақ деп тұр. Дегенмен, сайлауда аса белсенділік танытатын әйелдер ғана екен. «Орамал-жаулықтылар» тобы билік партиясына бүйрек бұрса, ерлер оппозицияны ұнататын көрінеді. Дегенмен, еркек кіндіктілердің қоғамдық белсенділігі өте төмен болып отыр. Талай саяси додаға елеңдей қарап, ере шауып, таңын айырып, талайы қайтып, тауы шағылып, үміті үзілген электораттың осы тобы «алда осындай саяси науқан болады-мыс» деген жаңалыққа «не дейді, әкәу?!» деп бір елең етіп алады да, «бола берсін, әкри» деп қолын бір-ақ сермейтін күйге жеткен.
Еңсесі түскен электоратты соңына ерте алатын ерекше ұйым, ерен тұлға оппозицияда да атымен жоқ. Бірде өзара қырықпышақ боп қырылысатын, бірде әмпей-жәмпей болуға тырысатын оппозиция серкелеріне сенетіндердің қатары мүлде азайған. Мұндай сауалнамаларға «ойбай, бұл биліктің қитұрқы қулығы» деп қарсылық білдіретін, өздерін ақтауда алдына жан салмайтын, дауысым кетті деп жан дауысы шыққанда қабырғаны қайыстыратын «тырашбайлардың» тірлігін, «ірілігін» электорат әбден біліп болған секілді. Басқаны айтпаған соңғы кездері бүкіл қазақ қоғамын елеңдеткен ескерткіштер мәселесінде есті бір сөз айта алмаған «оппозициясымаққа» енді қалай сенерсің. Жоқ, биліктің партиясына бермеген дауысымды бұларға беріп жын ұрып па? Өзімде қалсын құқығым. Елдің мұңын айтатын, жүректің сырын айтатын ұлтшыл да рухты ұйым да туар күні ертең. Дауысымды сол партияға сақтаймын.
«Абай-ақпарат»