Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5755 0 пікір 30 Қараша, 2009 сағат 07:23

СК-Фармация «Химфарм» АҚ-мен дәрі-дәрмек жеткізілімдері және жаңа өндірістер құру туралы келісім жасады

Алматы. 30 қараша. ҚазТАГ – «СК-Фармация» мемлекеттік компаниясы «Химфарм» АҚ-мен дәрі-дәрмек жеткізілімдері және жаңа өндірістер құру туралы келісім жасады. Мемлекеттік компания дүйсенбі күні осындай ақпарат таратты.

«Алматыда «Самұрық-Қазына» қорына кіретін «СК-Фармация» мемлекеттік компаниясы мен «Химфарм» фармацевтикалық компаниясы мемлекеттік кепілдендірілген тегін дәрігерлік көмек аясында дәрі-дәрмек жеткізілімдері туралы ұзақ мерзімді келісімге қол қойды. Келісімге сай, «Химфарм» АҚ екі жылдың ішінде Астана мен Шымкентте әлемдік стандарттарға сай келетін фармацевтикалық өндірістер құруды мойнына алады»,  делінген компанияның хабарламасында.

Жаңа өнідірістер іске қосылған соң, Шымкент компаниясы дәрі-дәрмектің 200-дей түрін шығарады.

««СК-Фармация» компаниясы 2013 жылдан бастап кепілдендірілген тегін дәрігерлік көмек аясында заманауи дәрі-дәрмектерді «Химфарм» АК-дан сатып ала бастайды», - делінген хабарда.

«СК-Фармация» және отандық тауар өндірушінің ұзақ мерзімді ынтымақтастығы дәрі-дәрмектің бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік жасап, сондай-ақ бүкіл Қазақстанның фармацевтикалық индустриясының дамуына серпін береді. «Химфарм» АҚ-ның бастамасын басқа да отандық  фармацевтикалық компаниялар қолдап, өндірістік алаңдарды ұлғайту, шығарылатын өнімдердің түрлерін арттыру бойынша жаңа инвестициялық бағдарламалары туралы мәлім етті», - делінген хабарламада. 

Хабарламада дәрі-дәрмектің 85% Қазақстанға шетелден әкелінетіні айтылған.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963