Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3605 0 пікір 5 Желтоқсан, 2009 сағат 08:29

Қазақстанның солтүстігіндегі ауа райына Батыс Сібірден келген Арктикалық ауа ағымдары әсер етуде

Алматы. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанның солтүстігі Батыс Сібірден ығысқан арктикалық ауа ағымдарының ықпалында болады. Республиканың оңтүстік-шығысы атмосфералық төмен қысым ықпалында болады, деп хабарлады сенбі күні ТЖМ.

Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел 17-22 м/с болып, ұйтқығанда 25-27 м/с жел тұрады. Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Қарағанды облысында кей жерлерінде бұрқасындатып, көктайғақ, тұман түсіп, 15-20 м/с жел тұрады. Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Алматы облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан 18-23 м/с жел тұрып, ұйтқығанда 25-28 м/с болады. Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігіндегі өзен-көлдерінде мұз қату процесі күшейе түседі де, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген өзендеріндегі су деңгейі көтеріледі. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сырдария өзенінің су деңгейі төмендеп, су беті одан ары салқындай түседі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371