Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2802 0 пікір 8 Желтоқсан, 2009 сағат 05:03

Амангелді неге ат ауыстырды?

Ұлттық Қауіпсіздік Қызметінің басшылығында кезекті рет ауыс-түйіс болды. Таяуда ғана ұзынқұлақтан тараған әңгіме расқа айналып, Амангелді Шабдарбаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. Естеріңізге сала кетейік, инсайдерлік ақпарат көздерінен  «Шабдарбаев Президент Назарбаевтың қабылдауына кіре алмай жүр екен, кіре қалса өтініш жасап қызметінен кетпек көрінеді» деген  сөз тараған болатын.

2006 жылдан бері ҰҚК-ні басқарып келе жатқан 59 жастағы генерал-лейтенант Шабдарбаевтың қызметінен не үшін босағаны туралы ресми ақпараттан өзге нақты мәлімет жоқ. Алайда, ҰҚК мен Қаржы полициясының арасындағы теке-тірес Шабдарбаевтың «түбіне жетті» деп болжам жасауға келетін сияқты. Өйткені, ҰҚК қызметкерлері мен қаржы полициясындағылар бір-бірін аңдып, бір-бірінің қалтасына есірткі заттарын салып жіберіп көптен бері ырғасып келеді. Ал, қаржы полициясының аржағында Президент Назарбаевтың сыралғы досы Сарыбай Қалмырзаевтың тұрғанын ескерсек, бұл деген екі күштік құрылымның басындағы фигуралар қақтығысының нәтижесі болып есептеледі. Яғни, нәтижеде Елбасына жақын, жылы да, сыры да бір Сарыбай Қалмырзаев жеңіске жетті. Әрине, экокномикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің (қаржы полициясы) жария төрағасы Қайрат Қожамжаров деген жас жігіт болғанымен Қайратты қандайда бір істерге қайрап салып отыратын Сарыбай мырза екені әсте байқалып қалады.

Тағы мынандай да бір себептер бар. Тап осы Шабдарбаевтың тұсында Рахат Әлиев тұзаққа ілінбей-ақ қойды. Қаржы алпауыты Мұхтар Әблязов «шабаданын» көтеріп тап осы Шабдарбаевтың танауының астынан өтіп кетті. Қазір ол Батыстың ықпалды басылымдарына сұхбат беріп өзін Назарбаевтың саяси оппоненті деп жариялап жатыр. Онысымен қоймай ел билігінің екі тізгін, бір шылбырын қолына ұстаған Назарбаевты «тақтан тайдырамын» деп демігіп жүрген көрінеді.
Бұның бәрі Шабдарбаевтың кеңесшілікке тағайындалуына «керекті болған» көп жайттардың бірі шығар, ал бастысы мынау сияқты:
ҰҚК-нің тергеу абақтысында отырған Мұхтар Жәкішевтің зайыбы Жәмилә Жәкішева желтоқсанның 2-сі күні шұғыл брифинг өткізіп баспасөз өкілдерін дүрліктірген мәлімдеме жасады. Оқырманның ойына түсіре кетейік. «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы төрағасы Мұхтар Жәкішев YouTube видеопорталында өзінің не себепті тергеуде отырғаны туралы ашық айтқан еді. Осы сөзінде ол «менің ісіті болып, түрмеде отыруыма ресейліктер аса мүдделі. Өйткені, олар Қазақстанның уранына иелік етуде» деген еді. Жәкішев бұны ҰҚК тергеушісінің сұрақтарына берген жауабында айтқан екен. Жауап беріп отырған кезінде Жәкішев ҰҚК-нің тергеуі ісіне сәйкес бейнекамераға түсірілген. Бір қызығы әлгі бейнетаспа ҰҚК-нің тас қамалынан сыртқа жол тауып шығып, YouTube видеопорталынан тарап кетті.
-Маған бұл бейнетаспаны Амангелді Шабдарбаевтың өзі берді, - деді Жәмилә Жәкішева шұғыл өткізген брифингтің барысында. Жәкішева ханымының айтуына қарағанда, бейнетаспаны қолын ұстатып тұрып Шабадарбаев «Мен Президентке бұны бере алмаймын. Сен осыны қалайда жеткіз» дегенге ұқсайды. Бейнетаспа аталған порталға қандай жолмен барды? Бұл сұраққа Жәкішева ханымның жауабы жоқ.

Мұхтар Жәкішевке «Уран кеніштерін талан-таражға салды» деген айып тағылған еді.  Жәкішев болса, өзіне мұндай айыптың тағылуына ресейліктерді кінәлі санап отыр. Айтпақшы қазақ уранына көзін сұғын қадап жүрген Владимир Школьниктің күйеу баласы РФ азаматы көрінеді.  Амангелді Шабдарбаевтың ат ауыстыруына да соның салқыны тиген сияқты...

«Абай-ақпарат»

0 пікір