Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2459 0 пікір 8 Желтоқсан, 2009 сағат 06:32

Осакада ҚР құрметті консулдығы ашылды

Астана. 8 желтоқсан. ҚазТАГ – Осакада ҚР-дың Жапониядағы елшісі Ақылбек Камалдинов Жапонияның аса дамыған өнеркәсіп аудандарының бірі – Кансайда еліміздің құрметті консулдығын ресми түрде ашты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Құрметті консул болып әлемге танымал «Тошиба» корпорациясының вице-президенті Широ Кавашита тағайындалды», - делінген хабарламада.

ҚР құрметті консулдығының ашылуына орай өткен салтанатты рәсімге Жапонияның ресми тұлғалары, ірі компаниялардың басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған рәсімнің шеңберінде өткен арнайы брифинг барысында елші ҚР-дағы саяси, әлеуметтік-экономикалық процестер, көп ұлтты елдегі бейбітшілік пен келісім саясаты туралы әңгімелеп, жиналғандарды Астананың халықаралық бастамаларымен таныстырды.

Шара шеңберінде елшілік Қазақстан туралы фотокөрме ұйымдастырып, еліміздің экономикалық дамуына, инвестициялық климатына, туристік әлеуетіне арналған ақпараттық материалдардың таныстырылымы болды.

«ҚР Осакадағы құрметті консулдығының басты міндеттері Қазақстан мен Жапония арасында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту болып табылады», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397