Сенбі, 12 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2904 0 пікір 10 Желтоқсан, 2009 сағат 05:34

Ақтауда өрт шыққан киім-кешек базарының аумағынан 40 адам эвакуацияланды; қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Ақтау. 10 желтоқсан. ҚазТАГ. Сәрсенбі күні Маңғыстау облысының әкімшілік орталығында 28-А шағын ауданында орналасқан киім-кешек базарында ірі өрт оқиғасы болды, деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ аймақтың жедел әрекет етуші күштерінен министрліктің республикалық дағдарыс орталығына түскен жедел мәліметтерге сілтеме жасап.

«Рид СК» ЖШС қызмет көрсететін базардың аумағындағы өрт сағат 17-де басталып, халық тұтынатын тауарлар сататын алты бутикке жайылған. Жалын 90 м2 аумақты шарпыды, деп хабарлайды ТЖМ.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, базар аумағынан 40 адам эвакуацияланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Маңғыстау облысы ТЖД өртке қарсы күрес қызметінің 22  жауынгері 4 цистернаны пайдалана отырып, жалынды 50 минуттың ішінде толығымен сөндірді, деп атап көрсетеді министрлік.

Тергеу жүргізіп жатқан тергеушілер базарды біреудің қасақана өртеу мүмкіндігі туралы болжамды назарға алған-алмағаны хабарланбай отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1801
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4605
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3626