Президент қылмыстық жазаны атқару жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша заңнамаға түзетулерге қол қойды
Астана. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық жазалауды орындау тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет өткеруде жекелеген мәселелерді жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады президент баспасөз қызметі бейсенбі күні.
Аталған заң халықаралық актілердің ережелерін ескере отырып жазаны өтеу тәртібі мен шартын жетілдіруге, сотталғанның қоғамнан оқшауландыруды қажет етпейтін қылмыстық-атқару шараларының тиімділігін арттыруға, қылмыстық-атқару жүйесінің персоналының құқықтық және әлеуметтік қорғалуын арттыруға бағытталған.
Заңмен бір түзету колониясының аумағында әр түрлі қылмыспен сотталғандарды оқшауланған учаскелер құру арқылы қатаң түрде оқшаулаумен ұстау мүмкіндігі де қарастырылған.