Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4069 0 пікір 15 Желтоқсан, 2009 сағат 08:13

Интернет-айтыс: жол Бауыржанға бұйырды. Айтысқа келесі жұп шықты

Бауыржан мен Балғынбектің интернет-айтысы мәреге жетті.  Екі саңлақ ақынның айтысына  «Қазақстан» қоғамдық саяси апталығының бас редакторы Серғазы Мұхтарбек,   «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары, мәдениеттанушы, әдебиет сыншысы Әмірхан Меңдеке,  «Жұлдыздар отбасы» журналы бас редакторының орынбасары Сәкен Сыбанбай мырзалар қазылық жасады. Сондай-ақ,  «Сауалнама» айдарындағы сұраққа жауап бере отырып оқырман қауым да басым түскен ақынды анықтауымызға жәрдемдесті.
Суырып салма ақындардың әр сөзіне жіті қараған қазылар «тең айтыс болды» деген қортынды жасай отырып, әу дегеннен тықсырып бастаған Бауыржанға орынды уәж айта алған Балғынбектің тапқырлығына («Балғынбек жоқ. НұрОтан, НАН, Мәсімов, Айтысып отырсың ғой билікпенен» немесе «Маған сілтеп қоясың билік сөзін, Иесі мен секілді бар кінәнің) «бас шайқады». Бауыржанның өткірлігіне тәнті болды (Сәл ғана қарсы шықсаң жоғарыға, қоғадай шетімізден жапырады, Тәні де тыр жалаңаш жеріміздің, Сыйлайды одан қалса сатылады... Осыны алаңға кеп айтқан адам Не тауда не үйінде атылады).

Бауыржан мен Балғынбектің интернет-айтысы мәреге жетті.  Екі саңлақ ақынның айтысына  «Қазақстан» қоғамдық саяси апталығының бас редакторы Серғазы Мұхтарбек,   «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары, мәдениеттанушы, әдебиет сыншысы Әмірхан Меңдеке,  «Жұлдыздар отбасы» журналы бас редакторының орынбасары Сәкен Сыбанбай мырзалар қазылық жасады. Сондай-ақ,  «Сауалнама» айдарындағы сұраққа жауап бере отырып оқырман қауым да басым түскен ақынды анықтауымызға жәрдемдесті.
Суырып салма ақындардың әр сөзіне жіті қараған қазылар «тең айтыс болды» деген қортынды жасай отырып, әу дегеннен тықсырып бастаған Бауыржанға орынды уәж айта алған Балғынбектің тапқырлығына («Балғынбек жоқ. НұрОтан, НАН, Мәсімов, Айтысып отырсың ғой билікпенен» немесе «Маған сілтеп қоясың билік сөзін, Иесі мен секілді бар кінәнің) «бас шайқады». Бауыржанның өткірлігіне тәнті болды (Сәл ғана қарсы шықсаң жоғарыға, қоғадай шетімізден жапырады, Тәні де тыр жалаңаш жеріміздің, Сыйлайды одан қалса сатылады... Осыны алаңға кеп айтқан адам Не тауда не үйінде атылады).
Қазылар үшін тең болған айтыстың қортындысына арнайы қоңырау шалып хабарласқан Балғынбектің тілегі ықпал етті. «Біз Баукеңмен бір кемедеміз. Айтарымыз, араманымыз бір. Бауыржан көптің көкейіндегі сөзді қозғады. Ел іші өнерімізге риза болса, біздің жеңісіміз сол. Сондықтан жол Бауыржандыкі», - деді ағынан ақтарылған Балғынбек бауырымыз. Осындай басалқы сөз айтқан Балғынбекке біз де риза-қошымызды білдірдік.
Ал Сауалнаманың қортындысына келсек, Астана уақыты бойынша 12.45-те дауыс беру тоқтатылып, нәтижесінде жанкүйер-оқырман қолдауына ие болған Бауыржан (53%) алға түсті.  Балғынбектің ұпайы - 47%.
Сонымен, тұңғыш өткен интернет-айтыстың нәтижесі бойынша келесі айналымға Бауыржан Халиолла шықты!
Келесі жұп Қуаныш Шорманов пен Оңғар Қабден.

Ақындарға сәттілік тілейік!

«Абай-ақпарат»

 

15:43 Оңғар:


ҚУАНЫШ АМАНБЫСЫҢ, АҚБЕРЕНІМ!
ДЕЙСІҢ БЕ ҰРЫМТАЛДАН ТАП БЕРЕМІН.
ЕЛ СЕНІ ӘНШІ, АҚЫН ДЕП БІЛУШІ ЕДІ,
ТӨГІЛІП КӨМЕЙІҢНЕН ТӘТТІ ӨЛЕҢІҢ.
АЛ БҮГІН АЙТАРЫҢДЫ АҚТАРЫП ҚАЛ
КЕЛМЕЙДІ КҮНДЕ ОСЫНДАЙ СӘТ ДЕГЕНІҢ.
АЛТЫ АЛАШ ҚАЛАМЫҢА ҚАРАП ОТЫР,
ЖҰРТЫҢА БАЙҚАЛМАСЫН ӘТТЕГЕНІҢ.
АҚИҚАТ КӨРГЕНІҢДІ ЕЛГЕ АҚТАРҒЫН
ҰЛТЫҢНЫҢ АСПАНДАТЫП БАҚ БЕДЕЛІН!

 

15:46 Қуанышбек:

АЛ ЕНДІ ЖАР БОЛА ГӨР, ЖАРАТҚАНЫМ,
ЖЕТКІЗЕЙІН СӨЗІМНІҢ БАР АҚПАРЫН
ҚАЛ ҚАЛАЙ? ЕСЕНСІҢ БЕ? ОҢҒАР ДОСЫМ!
АЛ ЕНДІ СӨЗДІҢ СӨЛІН СОРАПТАҒЫН
ТҮЛКІ АЛҒАНДАЙ БОЛАЙЫҚ ҚАНСОНАРДА
ҚЫРАНЫҢНЫҢ АЛ БОСАТ БАЛАҚ БАУЫН
ТҰҢҒЫШ РЕТ ИНТЕРНЕТ-АЙТЫС ҚЫЛСА
АЙТАТЫН ӘР ОЙЫҢДЫ ТАРАҚТАҒЫН
ТӨРТ АҚЫННАН ЕКЕУМІЗ БЕЛДЕС БОППЫЗ
ЖОНЫҢДЫ ҚАРА ЖЕРГЕ ЖОЛАТПАҒЫН
БАЛА КЕЗДЕН БІРГЕ ӨСКЕН ҚЫРАН ЕДІК
ҚҰЛДЫРАМАЙ ҚҰНДЫ ӨЛЕҢДІ ПАРАҚТАҒЫН
ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАШЫ СӨЗДІҢ БАСЫН
ОДАН АСҚАН ТАБЫЛМАС ҚУАТТЫ ӘНІМ
АЛТЫ АЛАШТЫҢ АЛДЫНДА АРЗАН СӨЙЛЕП
ҚАРА ЖЕРГЕ ЖҮЗІМДІ ҚАРАТПАҒЫН
ШЫНДЫҚ АЙТСАҢ ЕСТІЛІП САУАТТЫ ӘНІҢ
СУСЫЛДАП КӨКТІ ТІЛСІН ҚАНАТТАРЫҢ
ОҚЫҒАННЫҢ ҚҰМАРЫН ҚАНДЫРАЙЫҚ
ҚАРА СӨЗДІ ИНЕГЕ САБАҚТАҒЫН.

 

15:50 Оңғар:

ҰЛТЫМДЫ САУДАҒА САП  САУДАБАЕВ,
ТІРЛІК ЖАСАП ЖАТЫР ҒОЙ ЖАУҒА ЛАЙЫҚ.
ТIЛ МЕН ДIНДI ДАМЫТУ КЕРЕК БОЛСА,
БІЗ ЕНДI ҰЛТЫМЫЗДЫ ҚОРЛАМАЙЫҚ.
"ЖАНСЫЗДАРДЫ" ЖЕР КЫЛҒАН ЖЕЛТОҚСАНДА,
АРСЫЗДАРДЫ АТЫНАН АУДАРАЙЫҚ.
ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНА ДАВАЙЛАСА,
ҚАРЫК БОЛҒАН ЕКЕНБIЗ ДАУҒА БАЙЫП.
ДАВАЙЛАМАЙ ТҰРА МА, БІЗДІҢ БИЛІК
"МӘІГІЛІК" МӘРТЕБЕГЕ ДАВНО КАЙФ!

 

16:19 Қуанышбек:

ӘНШІ АҚЫН БОП ЖАСАП ЖҮРМІН СИ ҚЫЗЫҚ БІР
БҰЛ ЗАМАН СОЛ ҚАЛЫПҚА СИҒЫЗЫП ТҰР
АУ ДОСЫМ ӨКІМЕТ ДАВАЙ ДЕП ЖАТСА ЕГЕР
СОЛ БІЗДІҢ ІШІМІЗДІ КҮЙГІЗІП ТҰР
ЕЛ МЕН ЖЕРДІҢ ИЕСІ БОЛСАҚТАҒЫ
АШУДАН ЖҮРЕК ШАНШЫП МИ ҚЫЗЫП ТҰР
ӨЗ ЖЕРІМЕ ИЕ БОЛМАЙ ҚЫТАЙ АЛЫП
ШЫНДЫҚ ІШТІҢ ЖАРАСЫН ЖИҒЫЗЫП ТҰР
ДОМОКРАТИЯ ДЕГЕНІҢ ҚҰР ӘНШЕЙІН
САЯСАТ КӘҢІЛДЕГІ КҮЙДІ ҮЗІП ТҰР
ТІЛІҢДІ ТАРТЫП СӨЙЛЕ ТІСІҢ СЫНАР
ДЕГЕН ЗАМАН КЕБІСІН КИГІЗІП ТҰР

ҚАЙДА ЖҮР ТАЛА-ТАЛАЙ ЖАҚСЫЛАРЫМ
ҰЛТ ДЕГЕН ҰЛДЫ ҚАЛАЙ ЖАТСЫНАМЫН
ҰЛТЫМ ЖОҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АДАМ БОЛСАМ
ТАРИХЫМДЫ КІМДЕРГЕ ТАПСЫРАМЫН?
СОНЫ ОЙЛАҒАН ШАХАНОВ ШЫРЫЛДАЙДЫ
ҚАНДЫ АЛАҢДА ҰЛТЫМ ДЕП БАСТЫ ҰРАНЫМ
ЕСТІР ҚҰЛАҚ ТАБЫЛМАЙ ҚАЛАРМА ЕКЕН
АШ БҰРАЛҒАН ХАЛЫҚТЫҢ АЩЫ ЗАРЫН

 

16:52 Оңғар:

БИЛІКТІҢ БІЛІНБЕСЕ АЛАЛАУЫ
ЖЕЛТОҚСАН ТАРИХЫМНЫҢ ДАРА ДАУЫ.
БАСТАРСҢ? ЖЕЛТОҚСАННАН ДЕП ОТЫРСЫҢ,
АШЫЛҒАН АҚИҚАТЫҢ ШАМАЛЫ ӘЛІ,
ЖҮЗІМДІ ҚАРА ЖЕРГЕ ҚАРАТПА ДЕП,
ҚУАНЫШ ӨЗ ӘЛІНДЕ ШАМАЛАДЫ.
МЕНІҢ ЕМЕС, ДОСТЫМ-АУ ӨЗ ҚОЛЫҢДА,
ЖҮЗІҢНІҢ ЖЕРГЕ ҚАРАР-ҚАРАМАУЫ

ЖӨН ШЫҒАР АҚИҚАТТЫТЫҢ ЖЫРЛАНҒАНЫ,
СӨЗІМНЕН САНАЛЫЛАР ҮЛГІ АЛҒАНЫ.
ЖЕЛТОҚСАННЫҢ АЙЫНДА ОЙҒА ЕРІКСІЗ,
ТҮСЕДІ ЕКЕН ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫ.
АТОЙ САП ҚАЗАҚ ҚАНЫН ТУЛАТАРДАЙ,
ҚАЙРАТТАРДАЙ ҚАҺАРМАН ҰЛ БАР МА ӘЛІ.
БӘРІБІР ЕГЕМЕНДІК АЛДЫ ҚАЗАҚ,
ҚҰРСАУДЫ БҰЗЫП, ЖАРЫП ЗЫНДАНДАҒЫ.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТ ЖАСАУ БОЛҒАН ЖОҚ ҚОЙ,
КЕШЕГІ БОЗДАҚТАРДЫҢ НҰРЛЫ АРМАНЫ.
БИЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАННЫҢ СҰРҚЫ ЖАМАН,
АҒАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛ ҚЫЛҒАНДАРЫ.
ЗИЯЛЫЛАР ЖАТСА АШТЫҚ ЖАРИЯЛАП,
ОСЫ МА ЕЛІМІЗДІҢ НҰРЛАНҒАНЫ.
КЕШЕГІ КЕҢЕСТІҢ СОЙЫЛЫНЫҢ,
АЗ БОЛДЫ МА АЛАҢДА ҚЫРҒАНДАРЫ.
ЖҮЗІНДЕ МЕЙІРІМ ЖОҚ БҰЛ ҚОҒАМНЫҢ,
ІШІНДЕ БҮГУЛІ ТҰР БІР БАРМАҒЫ.
КЕТПЕЙІК БИЛІК ДЕГЕН ДИІРМЕНГЕ,
ТАРТЫЛЫП ЖЕМ СИЯҚТЫ ҚЫРМАНДАҒЫ.

 

17:14 Қуанышбек:

АКЫРЫП ОТЫРСЫҢ ҒОЙ АРЫСТАНША
АЙТАРСЫҢ ҚАНДЫ КҮНДЕР ТАНЫС БОЛСА
ЖЕРГЕ БІЗДІ ҚАРАТПАЙ СӨЙЛЕР ЕДІҢ
КЕШЕГІ ҚАЙРАТТАРДАЙ НАМЫС БОЛСА.

ОРЕКЕ, СЫРЛАСЫМСЫҢ ДОСЫМДАҒЫ
КЕРЕК ЕЛГЕ ЖҮЙРІКТІҢ ЖОСЫЛҒАНЫ
КЕШЕГИ ЖЕЛТОҚСАНДА ТАЛАЙ ЖАСТЫҢ
ОН ЕКІДЕ БІР ГҮЛИ АШЫЛМАДЫ
ЕЛ БОЛАМ ДЕГЕН ЖАСТЫН ЕРЕН КҮШІ
АЛПАУЫТ АРЫСТАНҒА БАС ҰРМАДЫ
АЗАТПЫЗ ДЕП АЛШАҢДАП ЖҮРЕРМЕ ЕДІК
БОЛМАСА БАТЫР ҚЫЗЫ, ХАС ҰЛДАРЫ
СОЛАРДЫЫҢ КӨККЕ ӨРЛЕГЕН РУХЫМЕН
ТАУЕЛСІЗДІК ТҰЯҒЫ ТАСЫРЛАДЫ
СОНДЫКТАН БУЛ МЕРЕКЕ БІЗДЕР ҮШІН
БАСҚАДАН ТҰРУ КЕРЕК БАСЫМ БАҒЫ
ТОЙЛАСАҚ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН ТОЙЛАЙЫҚ
ЕСКЕ АЛЫНЫП ЕЛІМНІҢ АСЫЛДАРЫ
ЖЫЛ САЙЫН ЖАҢА ЖЫЛ ДЕП ШАШЫЛАМЫЗ
БІР КЕЛГЕН МЕРЕКЕДЕЙ ҒАСЫРДАҒЫ
МИЛИОН СОМДЫҚ ШЫРША ӘКЕП ЖАТСАҢДАҒЫ
ОЛ СЕНІҢ МЕРЕЙІҢДІ АСЫРМАДЫ
КІМ БІЛІП ЖҮР ҚАНДЫ АЛАҢ ҚАСІРЕТІН
КІМ СҮРТІП ЖҮР АЛАТАУ ЖАСЫНДАҒЫ
САЛМАКТАЙ АЛМАЙ ЖУРГЕН СИЯКТЫМЫН
БАРМАҚТАЙ БАҚЫТЫМДЫ БАСЫМДАҒЫ

 

17:45 Оңғар:

СЕНДЕЙ ӘНШІ БОП ЖҮРГЕН ҰЛ-ҚЫЗ ҚАНША-А?
ҚУАНЫШТЫ ОСЫЛАЙ  СЫЗДЫРМАСАҢ.
ҚУЕКЕ ӘНШІЛІКТІ ТАСТАСАҢШЫ,
БІРАУЫЗ ЕСТІ ӨЛЕҢ ҒОЙ БІЗДІҢ МАНСАП.
ҚУЕКЕҢ ӘНШІЛЕРГЕ ШАҢ ЖУЫТПАС,
АЛ БИЛІК ТАҚ ДЕГЕНДЕ ТЫМ ҚЫЗҒАНШАҚ.
МӘСІМОВ ҰЙҒЫРЛАРЫН ОЙЛАҒАНДА,
ҚАСЫМОВ ӘН САП ЖҮРДІ ЖҰЛДЫЗДЫ АҢСАП.

ЖҮЙРІКТЕРГЕ ЖАЛАСЫН ЖАПСЫРАДЫ,
БИЛІКТЕГІ КӨРІПКЕЛ, БАҚСЫ БӘРІ!
ОН ЖЕТІСІ   СЫНАДЫ БАҒЫ ЕЛІМНІҢ,
НЕМЕСЕ ТӨРДЕ ТҰРҒАН ТАҚ СЫНАДЫ!
АЛМАТЫЛҚ ЖАС АЛАШ АЛҚАЛАП ЖҮР,
ОЛАРҒА ЕНДІ СЕН БІР МІН ТАҚШЫ КӘНІ?!
ШЫМКЕНТТЕ ЖІГІТТЕР ЖҰЛҚЫНЫП ЖҮР,
НАМЫС ОТЫ ТАМЫРДА ШАПШЫП ӘЛІ!
ҚАРАҒАНДЫ СОҚҚАНМЕН БАРАБАНДЫ,
БІР ЖАЯУМЕН ЖАРЫСҚА 10 АТ ШЫҒАДЫ!
АҚТӨБЕДЕ НЕ БОЛАД ҚҰДАЙ БІЛСІН,
ЖАСТАРЫ БАР АРЫНЫҢ САҚШЫЛАРЫ!!
АЛАШ ЖҰРТЫ АЛАҢДАП ТҰРҒАН СӘТТЕ
АСТАНАДА ЖА?А ЖЫЛ!!! ЖАҚСЫ БӘРІ!!!

 

18:01 Қуанышбек:

АСТАНА, АСТАНАСЫҢ БАС ҚАЛАСЫҢ
ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ КӨШІН БАСТАҒАСЫҢ
ЗӘУЛІМ ҒИМАРАТТАРДЫ КӨРГЕН КЕЗДЕ
КЕУДЕҢДІ КЕРІП КЕЙДЕ МАСТАНАСЫҢ
КӨКТІ ҰРҒАН КӨЗ ЖЕТКІЗБЕЙ МОНОЛОК ТҰР
ИГІЗІП ДҰШПАН МЕНЕН ДОСҚА БАСЫН
БЕЙНЕСІҢ ҚЫРАНМЕНЕН НҰР АҒАМНЫН
АСПАНМЕНЕН ТАЛАСҚАН АСҚАРА ШЫҢ
БІРАҚТА ҚАЗАҚ ДЕЙТІН ЕЛ ТАРИХЫ
ЖАНІБЕК ПЕН КЕРЕЙДЕН БАСТАЛАСЫҢ
АСТАНА КӨРКІҢЕ САЙ КЕЛМЕДІ МЕ
ҚОС ХАНДЫ НЕГЕ СЫРТКА ТАСТАҒАНСЫҢ?
АЗАТ ЕЛ БҮГІН САҒАН СЕНІМ АРТСА
АСТАНА НЕГЕ СОНША ЛАСТАНАСЫҢ?
ӨЗ ХАНЫҢДЫ ӨГЕЙСІП ЖАТСАҢ ЕГЕР
ӘЛЕМНІҢ ҚАЙ ЕЛІНЕН ДОС ТАБАСЫҢ

БОЛМАЙТЫН БОЛДЫ ЕШТЕҢЕ ОҚЫС ХАБАР
ОРЕКЕ ҚОЛЫҢМЕНЕН ОТ ҰСТАП АЛ
БАСКАСЫН БЫЛАЙ КОЙЫП КЕРЕЙ ЖӘНІБЕК
ТӨРДЕ СЫЙЫП ТҰРМАЙ МА НАКЫШҚА БАР
БҮГІНГІ ҰРПАҚ ӨТКЕНДІ БАҒАЛАМАЙ
ҚҰРМЕТТЕЛМЕЙ ЖАТСА ЕГЕР ҚОҚЫСТА ОЛАР
ЕРТЕҢГІ ҰРПАҚ БІЗГЕ ДЕ МОЙЫН БҰРМАС
БІЗДІҢ ДЕ ОРЫНЫМЫЗ ҚОҚЫС БОЛАР

ОРЕКЕ, СӨЗ ЖЕТКІЗДІК БАР ҰҚҚАНҒА
ДОСЫМ ЕДІҢ КҮШ БЕРЕР КАМЫҚҚАНДА
ЕКІ ҰРТЫМ МАЙМЕН ҚАН БОП ЖАТЫР ҒОЙ
БАРЛЫҒЫН ТӘҢІР ӨЗІ АНЫҚТАУДА
ӘНШІЛІКТІ ҚОЯЙЫН НЕГЕ ҒАНА
ОНСЫЗДА ҚАЗАҚ ӨНЕР АРЫҚТАУДА
ҚАСЫМОВ ПЕН МАСИМОВ БИР КЕМЕДЕ
БАҒАСЫН БЕРЕР БІРАК ХАЛЫК ҚАНА
ОРЕКЕ, ОСЫМЕНЕН БІЗ ТОҚТАЙЫҚ
ХАЛЫҚТАН АСҚАН СІРӘ АЛЫП БАРМА

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392