Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3180 0 пікір 16 Желтоқсан, 2009 сағат 07:21

Билік аштық жариялаушылармен және оларды қолдаушылармен санасуға мәжбүр болды

(Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған «Ел бірлігі» доктринасына қарсы топтың мәлімдемесі)

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған «Ел бірлігі» доктринасына қарсы М.Шаханов бастаған 2000 мыңнан астам аштық жариялаушылар мен оларды республикамыздың барлық аймағындағы қолдаушылар егер билік ұлт мүддесі төңірегіндегі қордаланған мәселелерді орындамаған жағдайда 17-желтоқсаннан бастап аштық жариялайтынын мәлімдеген болатын. Ол талаптар маналар:

1. Бастауын «американдық ұлттан» алатын, қазақ ұлтының мүддесін маңсұқ ететін, Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған «Ел бірлігі» доктринасын Алматы қаласында талқылау уақытша тоқтатылды. Республика көлемінде де осындай қадам жасауды талап етеміз;

2. Қордаланып қалған ұлттық мүдделердің шешімін табу мақсатында Президент Н.Назарбаевпен дербес кездесу мәселесін шешу;

3. «Қазақстандық ұлт» идеясына біржола нүкте қоятын, жаңа ұлттық доктрина жасау үшін үкіметтік, парламенттік және қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері енгізілген арнайы комиссия құру қажет. Ал ұлттық мүддеге жанашырлықпен қарайтын азаматтардың, қоғамдық-саяси ұйымдар мен зиялы қауым өкілдерінің балама жобасы Қазақстандағы барлық ақпарат құралдарында жариялануы керек деп білеміз;

(Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған «Ел бірлігі» доктринасына қарсы топтың мәлімдемесі)

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған «Ел бірлігі» доктринасына қарсы М.Шаханов бастаған 2000 мыңнан астам аштық жариялаушылар мен оларды республикамыздың барлық аймағындағы қолдаушылар егер билік ұлт мүддесі төңірегіндегі қордаланған мәселелерді орындамаған жағдайда 17-желтоқсаннан бастап аштық жариялайтынын мәлімдеген болатын. Ол талаптар маналар:

1. Бастауын «американдық ұлттан» алатын, қазақ ұлтының мүддесін маңсұқ ететін, Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған «Ел бірлігі» доктринасын Алматы қаласында талқылау уақытша тоқтатылды. Республика көлемінде де осындай қадам жасауды талап етеміз;

2. Қордаланып қалған ұлттық мүдделердің шешімін табу мақсатында Президент Н.Назарбаевпен дербес кездесу мәселесін шешу;

3. «Қазақстандық ұлт» идеясына біржола нүкте қоятын, жаңа ұлттық доктрина жасау үшін үкіметтік, парламенттік және қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері енгізілген арнайы комиссия құру қажет. Ал ұлттық мүддеге жанашырлықпен қарайтын азаматтардың, қоғамдық-саяси ұйымдар мен зиялы қауым өкілдерінің балама жобасы Қазақстандағы барлық ақпарат құралдарында жариялануы керек деп білеміз;

4. Желтоқсан көтерілісіне тарихи-саяси баға беру және көтеріліске қатысушылардың құқықтық мәртебесін шешу қарастырылуы керек;

5. Осы жылдың 4-желтоқсанында ҚазТАГ агенттігі таратқан мәлімет бойынша Қытай Халық Республикасына 1 миллион гектар жер беруіміз мүмкін деген әңгіме алға шықты. Біз бұған түбегейлі қарсымыз;

6. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алғанына 20 жыл толса да, әлі күнге дейін мемлекеттік тіл туралы арнайы заң жоқ. Мемлекеттік тілге деген мұндай немқұрайдылықты бізден өзге бірде-бір өркениетті елден кездестіре алмайсыз. Сондықтан Қазақстан Парламенті «Мемлекеттік тіл туралы» заңды тез арада қабылдауы тиіс;

7. Мемлекеттік тілді дамытудың инновациялық-технологиялық орталығын құру және қолданбалы тілмен айналысатын арнайы институт ашу да аса қажетті іс. Себебі, ХХІ ғасырда қазақ тілін ғылым-білімнің, экономиканың, банк жүйесінің, салық саласының (т.б.) төл тіліне айналдыру кезек күттірмейтін мәселе. А.Байтұрсынұлы атындағы институт теориялық іргелі ғылыммен айналысудан аса алмай отыр. Мемлекеттік тілді барлық салаға бір жүйемен ендіру үшін онымен арнайы институт айналыспай болмайды;

8. Тәуелсіз ел атанғанымызға 18 жыл, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алғанына 20 жыл толса да мемлекеттік тілде 24 сағат хабар тарататын бір телеарнаның болмауы елдігімізге сын. Тіпті кейбір телеарналардағы қазақ тіліндегі хабарлардың көбі түн жарымына қарай ысырылған, немесе аударма ұзын-сонар кинофильмдер арқылы қазақ тіліне бөлінген уақыт есебінен толықтырылған. Бұл салада да егеменді мемлекеттің рухына сай жаңа көзқарас, жаңа өзгеріс қажет;

9. Бүгінгі таңда Қазақстанның ақпарат кеңістігін Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары он-он бес есе басымдықпен жаулап алғаны ешкімге құпия сыр емес. Кейде көкейде «Осы біз Қазақстанда тұрамыз ба, немесе Ресей Федерациясының қарамағына еніп кеттік пе?» деген сұрақ көлденеңдейді. Халыққа анда-санда елдегі шындықты айтып тұратын «31-телеарна» да Ресей алпауытына сатылып, егеменді ақпараттық тәуелсіздігімізге елеулі деңгейде көлеңке түсірді. Енді Қазақстанға келіп тарайтын мыңдаған Ресей басылымдарына қосылып, бұл арна да Ресей идеологиясын алға тарта бастады. Ақпараттық экспансияның салдарынан мемлекеттік тіл өрісі күрт құлдырады. Сондықтан Қазақстанның ақпарат кеңістігін басқа елдердің идеологиясын насихаттау мақсатында пайдалануға жол берілмесін.

Осы талаптарға Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі мынадай жауап қайырды.

«Мемлекеттік тіл» қоғамдық
қозғалысы» республикалық
қоғамдық бірлестігінің
төрағасы Мұхтар Шахановқа

Қадірлі Мұхтар Шаханұлы!

1. Келісімге сәйкес, сіздердің ұсыныстарыңыз келгенге дейін «Ел бірлігі» доктринасының жобасын Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы тарапынан республика көлемінде талқылау тоқтатыла тұрады. Сіздер ұсыныстарыңызды келесі жылдың 20-қаңтарына дейін берерсіздер;

2. Сіздің өтінішіңізді Елбасына жеткізуге тырысамыз. Жалпы Елбасы Астана мен Алматы қалаларында жылына бірнеше мәрте шығармашыл зиялы қауымды, ғылым мен мәдениет өкілдерін қабылдап, өзекті проблемаларды талқылап, кездесіп тұрады. Сондықтан жұмыс кестесіне қарай Сізді жеке қабылдау мәселесін Президент өзі дербес шешеді;

3. Сіздердің ұсыныстарыңызды арнайы құрылған жұмыс тобында бірігіп қарап, ортақ шешімге келіп, бірлесіп жоба жасағанды қолдаймыз. Бұлайша ортақ мақсат үшін бірге жұмыс істегеніміз бәрімізге абырой болар еді;

4. Желтоқсан көтерілісіне тарихи-саяси баға беру және көтеріліске қатысушылардың құқықтық мәртебесін шешу ісін заң шығару органы - Парламент арқылы жүзеге асырудың мүмкіндігі бар. Ұсыныс-талаптарыңызды Парламент Мәжілісінің регламентін сақтай отырып, енгізулеріңізге болады.

Ұсыныстарыңыздың бір данасын Президент Әкімшілігіне де жіберіңіздер. Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығына дайындық барысында біз де оны қарап, қолдануға тырысамыз;

5. Ел аумағының тұтастығы Конституциямызда нақты жазылған. 1 млн гектар жерді игерсек деген әңгіме ұсыныс қана. Ата-бабамыздың аманат еткен қазақтың жері басқа мемлекеттерге сатылмайды.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 23-бабында тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге және орман өсіруге арналған жер учаскелері шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың жеке меншігіне берілмейтіндігі нақты жазылған;

6. «Мемлекеттік тіл туралы» арнайы заң қабылдау жайында ұсыныс біраздан бері көтеріліп жүр. Бастамашыл топ тарапынан әзірленген заң жобасы 2008 жылғы 23 маусымда Премьер-Министр К.Қ.Мәсімовтың төрағалық етуімен өткізілген «Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі Комиссия» отырысында қаралған болатын.

Отырыстың хаттамасы бойынша заң жобасы Әділет министрлігіне ұсынылған еді.

Қазіргі кезде регламентке сәйкес бұл жобаға жан-жақты заңдық-нормалық сараптама жасалуда.

Бұларға қосымша тағы мынаны айтамыз.

Мемлекеттік тілдің сұраныс аясын мейлінше кеңейту мақсатында қазіргі қолданыстағы бірнеше заңдар мен нормативтік актілерді қайта қарап, мұқият сараптау жөніндегі жұмыстар жүргізуге тапсырма берілді.

Сондай-ақ, «Мемлекеттік тілді білу - қазақстандық әрбір азаматтың міндеті» деген тұжырымды іс жүзінде қалыптастыру үшін «ҚазТЕСТ» жүйесі жасалып жатыр. «Азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау технологиясы» атты мемлекеттік стандарттар бекітілмекші. Осы стандарттарға сәйкес, келешекте мемлекеттік қызметке келетін үміткерлерден мемлекеттік тілді білу талап етілетін болады.

Тілдерді дамытуға қатысты 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу барысында да мемлекеттік тілдің мәртебесі нақты ескерілетін болады;

7. Қазақ тіліндегі түрлі бағдарламаларды орналастыру, жүйелеу, дамыту ісі жаңа технологияларға сай ғылыми тұрғыда сарапталуы қажет.

Соған орай, мемлекеттік тіл саясатын қазіргі заман талабына сәйкес ғылыми сараптай алатын, әлеуметтік-лингвистикалық зерттеулермен айналысатын  Әлеуметтік-лингвистикалық ғылыми-зерттеу орталығын ашу жобаланып отыр.

Алдағы уақытта, осы бағытта тиянақты жұмыстар жүргізілетін болады;

8. Тәуелсіз елдің рухына сай жаңа көзқарас пен жаңа сипаттағы телебағдарламалар әзірлеу - күн тәртібінде тұрған мәселе.

Үстіміздегі жылдың 6-ақпанында Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар осыны көздейді. Яғни, мемлекеттік тілдегі хабардың үлес салмағы тәулік бойында (әрбір 6 сағат сайын) тең дәрежеде тараталып отыруы тиіс.

Сөйтіп, қазіргі таңда телевизиялық және радио бағдарламаларының мемлекеттік тілдегі апталық көлемі уақыты жағынан басқа тілдегі хабарлардың жиынтық көлемінен кем емес. Осыдан былай мемлекеттік тілдің аясын кеңейту мақсатында мемлекеттік тілдегі хабарлардың үлесін арттыруға барынша маңыз берілмек.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес БАҚ-тағы тілдік нормаларды сақтау жөніне тұрақты бақылау жүргізіп, тиісті шаралар қолданып отыру Мәдениет және ақпарат министрлігіне міндеттелді.

Елбасының тапсырмасымен Қазақстанда цифрлық телевидениеге көшу аясында тек мемлекеттік тілде хабар тарататын 3 телеарнаның тұжырымдамасы әзірленуде.

Олар ақпараттық-танымдық, әлеуметтік-мәдени, тарихи-патриоттық бағыттағы телеарналар болады деп отырмыз.

Арналардың біреуін - «Мәдениет», келесісін - оқу-ағартушылық бағыттағы «Зерде», ал бүлдіршіндерге арналғанын «Балауса» деп атаған жөн шығар.

Арналардың аттарына байланысты ойларыңызды айтып, олардың тұжырымдамасы туралы ұсыныстар жіберулеріңізге болады;

9. Мемлекетіміздің ақпараттық қауіпсіздігі жайында алаңдауыңыз өте орынды.

Бұл үшін ең алдымен өз еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының сапасын арттыруға ұмтылуымыз қажет. Олардың бәсекелестік қабілетін күшейту керек. Бұл проблеманы қазақ тілді БАҚ-тарға мемлекеттік тапсырысты көбейту арқылы шешуге болады.

Мәдениет және ақпарат министрлігі осы бағытта жұмыстар жасап жатыр. Олар қазақ тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдарына берілетін мемлекеттік тапсырыс көлемін жыл сайын ұлғайтуда. Сондай-ақ қазақ тілінде шығарылатын кітаптарға да мемлекет тарапынан қомақты қаражат бөлінуде. Бұл жайында нақты деректерді осы министрлік беретін болады.


Құрметпен,
Президент Әкімшілігі
Басшысының орынбасары                             М.Әшімбаев

 

Қойылған талаптардың билік тарапынан, негізінен, шешім табуына орай М.Шаханов және оның қолдаушылары 17-желтоқсанда белгіленген аштық жариялау акциясын тоқтататынын мәлімдейді. Осыған дейін үкіметке сан мәрте ұсынылса да жоғарыдағылар мүлде назар аудармай келген ұлт пен тіл төңірегіндегі проблемаларға биліктің құлақ асуы және оны орындауға уәде етуі қоғамдық күштердің жеңісі екені даусыз. Әйтсе де әдебиет, өнер, қоғам, партия қайраткерлері, мерзімді басылым басшылары, Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар, зейнеткерлер мен жас буын өкілдері атынан құрылған аштық жариялау штабы биліктің өз уәдесі мүддесінен шығуын қадағалап отырады.

16-17 желтоқсан күндері сағат 11-де М.Шаханов бастаған ұлт зиялылары Республика алаңына барып Тәуелсіздік күніне және Желтоқсан көтерілісі құрбандарына арнап гүл шоқтарын қояды. Алайда ел, ұлт, тіл мүддесі төңірегіндегі проблемаларды өздерінің жеке мүддесіне бұрғысы келетін кейбір арандатқыш топтардың бой көрсете бастағаны белгілі болып отыр. Сондықтан мәселе мәніне терең бойлай алмаған кейбір жастарымыздың әлгіндей топтардың жетегіне кетіп қалмауын қалаймыз.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394