Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2895 0 пікір 20 Желтоқсан, 2009 сағат 05:50

Армения президенті Астана ЕҚЫҰ-да ҰҚШҰ мүдделерін қорғайды деп сенеді

Алматы. 19 желтоқсан. ҚазТАГ– Армения президенті Серж Саргсян Астана 2010 жылы ЕҚЫҰ-да төрағалығы кезінде Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің мүдделерін қорғайды деп сенеді. Бұл туралы ол сенбі күні Алматы маңындағы биік таудағы «Ақ Бұлақ» курортында өткен бейресми саммитте мәллім етті.

С.Саргсян ТМД президенттерін Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығымен құттықтады, «себебі біздің бәріміз бірге осы процессті ұсынып және қолдадық», - деді ол.

«Біз ҰҚШҰ-ның мүшесі алғаш рет төраға болып сайланып отырғанын көріп отырмыз. Және осы уақыт аралығында Қазақстан біздердің де мүдделерімізді қорғайтын болады», - деді ол.  

Армения президенті ҰҚШҰ аясында қауіпсіздікті қамтамасыз етерлік тетіктерді қарастыруды ұсынды. 

«Қазіргі тетіктер бірқатар уақытқа қауіпсіздікті қамтамасыз еткенімен, жекелеген елдер бір нәрсені бұзған жағдайды қарастырмайды. Мысалы біз қарапайым қарулар туралы келісімге қол қойып, квоталарды анықтадық. Бірақ бұл квотаны бұзып отырған елдер бар, ал басқалар бұл туралы айтпайды да», - деді С. Саргсян Қазақстандағы бейресми саммитте.

Ол қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «нақты өмірде жұмыс істей алатын тетіктерді пайдалану қажет» деп есептейді.

Армения президенті «бұрын Бурабайда өткен бейресми саммит, мұндай саммит барысында қаншалықты тиімді шешімдер қабылдауға және оны нақты іс жүзіне асыруға болатынын көрсетті», - деп атап өтті.

«Біз Ұжымдық жедел әрекет етуші күштерін құру бойынша тамаша жұмыс атқардық. Тіпті көбі осыншама қысқа мерзімде оны құрып және жаттығу өткізіп үлгереді деп ешкім күткен жоқ. Біз ұжымдық қауіпсіздік келісім аясында басқа да мәселелермен айналысуымыз керек. Назарды онша алға жылжымай жатқан мәселелерді талқылауға – оның ішінде әскери-техникалық ынтымақтастық пен кадрларды дайындауға аударуымыз керек», - деді ол.

ҰҚШҰ-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан кіреді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364