Жұма, 9 Қазан 2026
Жаңалықтар 4022 0 пікір 21 Желтоқсан, 2009 сағат 08:12

Шығыс Қазақстанда «Қазмырыш» кенішінен 365 адам эвакуацияланды

Өскемен. 21 желтоқсан. ҚазТАГ – «Қазмырыш» корпорациясына тиесілі Риддер-Сокольный кенішінің 11-ші бөлігінде шыққан түтінге байланысты құтқарушылар кеншілердің түнгі ауысымын эвакуациялады. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоқыстың тұтануынан жыныстардан шыққан түтін түнгі сағат үште тіркелді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. ТЖ-ны жоюға 10 тау құтқарушысы тартылды.

Бұған дейін мұндай оқиға «Қазмырыш» корпорациясының Малеев кенішінде болған. 8 желтоқсанда 12-14-ші бөліктерде көліктік көлбеулердің түтіндеуіне байланысты 165 кенші эвакуацияланып, технологиялық процесс 4 сағатқа тоқтатылған болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 919
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1229