Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3924 0 пікір 22 Желтоқсан, 2009 сағат 05:59

Интернет-айтыс: Бауыржан мен Оңғар

Сонымен, екі жұптан сурылып шыққан екі ақын ғаламторда кездесіп, тұңғыш рет өтіп жатқан интернет-айтысты қортындылайды.  abai.kz ақпараттық порталының бұл жобасын "Жас Алаш" газетінің де қызу қолдап отырғанын естеріңізге сала кетекеніміз жөн шығар, құрметті оқырман. Өткенде хабарлағанымыздай жүлдегер ақындарға "Жас Алаштың"  арнайы сыйлығы да бар.

Ақындарға сәттілік тілейік!

"Абай-ақпарат"

 

11:05 Бауыржан:


ӘУЕЛГІ СӨЗІМ БИСМИЛЛА
ӘЛЕУМЕТ БІЗГЕ БЕТ БҰРСЫН
АЙНАЛАЙЫН ДҮР ОҢҒАР,
АЙТЫСУҒА ЕПТІ ҰЛСЫҢ
ҚЫЗЫЛ ТІЛІҢДІ ҚАЙРАСАҢ
ҚЫЛЫШТАН БЕТЕР ӨТКІРСІҢ
ТЕЗЕК БАС,ТЕКСІЗ ТӨРЕГЕ
ТЕБІНІП ШЫҒАР ТЕКТІ ҰЛСЫҢ
БАҒАҢДЫ ӨСТІП КӨТЕРДІМ
СЕН НЕ ДЕГЕЛІ КЕП ТҰРСЫҢ?
ДАУЫЛПАЗ КАҒЫП АЛ БАСТА
ДАУЫСЫҢ БҮГІН КӨК ТІЛСІН

 

11:20 Оңғар:

Сонымен, екі жұптан сурылып шыққан екі ақын ғаламторда кездесіп, тұңғыш рет өтіп жатқан интернет-айтысты қортындылайды.  abai.kz ақпараттық порталының бұл жобасын "Жас Алаш" газетінің де қызу қолдап отырғанын естеріңізге сала кетекеніміз жөн шығар, құрметті оқырман. Өткенде хабарлағанымыздай жүлдегер ақындарға "Жас Алаштың"  арнайы сыйлығы да бар.

Ақындарға сәттілік тілейік!

"Абай-ақпарат"

 

11:05 Бауыржан:


ӘУЕЛГІ СӨЗІМ БИСМИЛЛА
ӘЛЕУМЕТ БІЗГЕ БЕТ БҰРСЫН
АЙНАЛАЙЫН ДҮР ОҢҒАР,
АЙТЫСУҒА ЕПТІ ҰЛСЫҢ
ҚЫЗЫЛ ТІЛІҢДІ ҚАЙРАСАҢ
ҚЫЛЫШТАН БЕТЕР ӨТКІРСІҢ
ТЕЗЕК БАС,ТЕКСІЗ ТӨРЕГЕ
ТЕБІНІП ШЫҒАР ТЕКТІ ҰЛСЫҢ
БАҒАҢДЫ ӨСТІП КӨТЕРДІМ
СЕН НЕ ДЕГЕЛІ КЕП ТҰРСЫҢ?
ДАУЫЛПАЗ КАҒЫП АЛ БАСТА
ДАУЫСЫҢ БҮГІН КӨК ТІЛСІН

 

11:20 Оңғар:


БӘЙГЕГЕ БАСЫН ТІККЕН АЛАШ ҮШІН,
БАЙБАҚТЫ СЫРЫМ ШАЛДЫҢ БАЛАСЫСЫҢ.
БҮГІНГІ АҚ ЖАЙЫҚТЫҚ АҚЫНДАРДЫҢ
ІШІНЕН ОЗЫП ШЫҚҚАН ДАРАСЫСЫҢ.
СОНДАҒЫ ҚАЛАМ ҰСТАР АҒАЙЫНҒА,
ҚОРҒАНЫ, АСҚАР ТАУДАЙ ПАНАСЫСЫҢ.
НЕ ДЕРІМ АЛДАҒЫ СӘТ МӘЛІМ БОЛАР,
ӘЗІРГЕ БЕЙМӘЛІМ ҒОЙ ШАМА КҮШІМ.
ҚЫЗЫЛ ТІЛ БЕКЕР БҮГІН ТЕРЛЕМЕСІН,
БІР КҮНДІК ДҮНИЕНІҢ ТАЛАСЫ ҮШІН!


11:40 Бауыржан:


ҚЫЗЫЛ ТІЛ ДЕЙСІҢ БЕКЕР ТЕРЛЕМЕСІН,
МАҒАН АҚЫЛ АЙТҚАНДЫ ЖӨН КӨРЕСІҢ.
МАҚТАП-МАҚТАП МАҚТАМЕН БАУЫЗДАЙСЫҢ,
НӘПСІГЕ ҚАЙДАН СОСЫН ЖЕЛ БЕРЕСІҢ.
ҚҰЛ БОЛЫП ДҮНИЕГЕ ЖҮРГЕНІМ ЖОҚ,
ОЛАЙ ЕТСЕМ ОП-ОҢАЙ ӨҢГЕРЕСІҢ.
ЕЛ ҮШІН ЕКІ АУЫЗ СӨЗ АЙТСАҚ ЖАРАР,
СЕНІМЕН ТАЛАСАЙЫН ТӨРГЕ НЕСІН...
АЛАШТЫҢ БАР ЖАҒДАЙЫ БҮГІН ҚАЙҒЫ,
ҰЛТСЫЗДАР ҰЛТТЫҢ ҚАМЫН ҰҒЫНБАЙДЫ.
ТІЛ ӨШІП,ЕЛ ЖОЙЫЛЫП КЕТПЕСІН ДЕП,
МІНБЕДЕН ШАХАНОВТАР ШЫРЫЛДАЙДЫ.
ЕЛБАСЫ ЕЛ БІРЛІГІН СЫЛТАУ ҚЫЛЫП,
ТАППАҚШЫ ТОПТА СӨЙЛЕП БІР ЫҢҒАЙДЫ.
АСПАНАСТЫ ЕЛІНЕ ЖЕР БЕРСЕК ДЕП,
АЙТҚАНҒА ҚҰЛАҒЫМЫЗ ШУЫЛДАЙДЫ.
ДАУСЫМЫЗ КАЙДАН ЖЕТСИІН ДӨКЕЙЛЕРГЕ,
БӘРІБІР САН-САЛТАНАТ ҚҰРЫЛМАЙДЫ.
ХАНГА ДА ҚАСҚЫРСЫҚ ДЕП АШЫП АЙТҚАН,
МАХАМБЕТ,ӘТТЕНҢ ҚАЙТА ТУЫЛМАЙДЫ...


12:10 Оңғар:

БАУЫРЖАН ЕЛДІҢ МҰҢЫН ЖЫРЛАЙДЫ АНЫҚ,
ХАЛЫҚТА ОТЫР БІЗДІ ТЫҢДАЙ ҚАЛЫП.
МАХАМБЕТ ӘТТЕҢ ҚАЙТА ТУЫЛМАС ДЕП,
ҚАЙТЕСІҢ, КӨҢІЛІҢЕ МҰҢ ҚАЙҒЫ АЛЫП.
МАХАМБЕТТІҢ ТУЫЛҒАНЫ РАС БОЛСА,
ҚАЛАЙША ТАҒЫ ХАЛЫҚ ТУМАЙДЫ АЛЫП.
МАХАМБЕТ ЖОҚ ДЕП ЕНДІ ЖҮРЕ БЕРСЕК,
БИЛІКТЕ МОЙНЫН БІЗГЕ БҰРМАЙДЫ АНЫҚ.
ҚЫЗЫМЫЗ КЕТЕР БӘЛКІМ КҮҢГЕ АЙНАЛЫП,
ҰЛЫМЫЗ КЕТЕДІ ҒОЙ ҚҰЛҒА АЙНАЛЫП!
БҰЛ БАУКЕҢ САЯСАТТЫ ПӘС БАРЛАЙДЫ,
АЙТУДАН АҚИҚАТТЫ ЖАСҚАНБАЙДЫ.
ЖЕРІҢДІ ҚЫСЫҚКӨЗДЕР АЛЫП ЖАТСА,
ҚАЗАҒЫМА ЖОҚ ОДАН АСҚАН ҚАЙҒЫ.
ҚАЗАҚТА МЕМЛЕКЕТТІК БОЛМАҒАН ДЕП,
БІЛМЕЙМІН БИЛІК НЕНІ АСТАРЛАЙДЫ.
КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕКТІҢ ЕСІМДЕРІ
ҚАЗАҒЫ АМАН БОЛСА АСПАНДАЙДЫ.
ҰЛТЫНЫҢ ЖҮРЕГІНДЕ ТҰРҒАН ТҰЛҒА,
ЕШҚАНДАЙ КҮРЕСІНГЕ ТАСТАЛМАЙДЫ.
ТАРИХ БАСТАЛҒАНМЕН БІР АДАМНАН,
ТІРІ АДАМНАН ЕШҚАШАН БАСТАЛМАЙДЫ!


12:20 Бауыржан:


АЛ,БІЗДЕ БАСТАП ЖАТЫР БІР АДАМНАН,
АСАТЫН ПАТША ЖОҚ ДЕП НҰРАҒАҢНАН.
БАСШЫЛАР АЯҒЫНА ЖЫҒЫЛАДЫ,
ТІЗГІНДІ САТЫП АЛҒАН,СҰРАП АЛҒАН.
АХМЕТ АТАМ АЙТКАН,ОЯН ҚАЗАҚ,
ҚАШАНҒЫ ҚҰР КАЛАСЫҢ СЫБАҒАҢНАН.
ХАЛЫКТЫҢ ТАУСЫЛА МА АРМАН=МҰҢЫ,
АКЫННЫҢ АЙТЫЛМАСЫН ЖАЛҒАН ЖЫРЫ.
ҚАЛУДА ТАСАСЫНДА ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ,
АЛАШТЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАН КҮНІ.
ЖЕЛТОҚСАН ЖАЙЛЫ ШЫНДЫҚ АЙТЫЛМАЙДЫ,
ОЛ ДАҒЫ БАСШЫЛАРДЫҢ МАРҒАУЛЫҒЫ.

СЕНБЕЙДИ БҰЛ СӨЗІМЕ ЕЛ НЕСІНЕ,
МҰНАЙДАН БҰЙЫРМАДЫ МОЛ НЕСІБЕ.
БАЙЛЫҚҚА ТОЛЫ ӨЛКЕ БОЛҒАНМЕНЕН,
ЗАР БОЛДЫ АУЫЛДАҒЫ ЕЛ ТЕҢГЕСІНЕ.
АШЫНЫП АШЫҚ АЙТСАҢ ЕЛДІҢ МҰҢЫН,
ҚАМАЙДЫ ЖЫНДЫХАНА БӨЛМЕСІНЕ.

 

12:40 Бауыржан:


АТАУЫ ҚАЛАҢЫЗДЫҢ ПАВЛОДАР,
БІЛМЕЙМІН ОНДА ҚАНДАЙ МАҒЫНА БАР.
ҚОЙСАҢДАР КЕРЕКУ ДЕП ЖАРАСПАЙ МА?
ЖАН ЕДІҢ ӨЗГЕЛЕРДЕН ТӘЛІМ АЛАР.
ОРЫСША АТАУ ЖӘНЕ ТОЛЫП ЖАТЫР,
КЕҢЕСТЕН ҚАЛҒАН КЕШЕ САРЫН ОЛАР.
ЖОК ПА ЕДІ НАМЫСТАРЫ ҚАНДАСТАРДЫҢ,
ҚАЗАҚТЫҢ БОЙЛАРЫНДА ҚАНЫ БОЛАР.
МЕНІМЕН АЙТЫСҚАНША ОСЫНЫ ІСТЕ,
ҚОЛ ЖИСАҢ АҒАЙЫННЫҢ АРЫ ҚАЛАР...
СӘЛЕМ АЙТ АУЫЛЫҢА,АҒАЙЫНҒА,
РЕНЖІМЕЙ МҮМКІН ТЕЗГЕ САЛЫП АЛАР...

ЕЛІМЕ БІР КІСІДЕЙ АЛАНҢДАЙМЫН,
ҚАЛАЙША ӨЗ ЖҰРТЫМДЫ ЖАМАНДАЙМЫН.
ҚАЗАҚТАЙ ЖАНЫ ЖАЙСАҢ,ЖОМАРТ ЕЛДІ,
ЖЕР ЖУЗІН ЖЕТІ АЙНАЛСАМ ТАБА АЛМАЙМЫН.
ОҢҒАРЖАН,КӨРІСКЕНШЕ ҚОШ АМАН БОЛ,
АТТАН ТҮСІП СЫЙЛАЙТЫН АҒАҢДАЙМЫН.
ӨЗІМІЗ ӨЗІМІЗДІ КӨТЕРМЕСЕК,
КӨП ШЫҒАР КӨҢІЛІҢЕ АЛАР ҚАЙҒЫҢ.
АТЫ ЖОК СЫНШЫЛАРЫМ,АЙЫП ЕТПЕ,
МЕН ЕНДІ АЙТЫСЫМДЫ ТАМАМДАЙМЫН.

 

13:10 Оңғар:

АУ БАУКЕ, МЕН СЕНІМЕН ТЕҢ ЕМЕСПІН,
ДЕП АЙТСАМ МӘНІ КЕТЕР ЕРЕГЕСТІҢ.
ПАВЛОДАР АТАУЫҢДЫ ӨЗГЕРТКІН ДЕП,
БАСТАУЫН ЖАҢА КҮТТІ ЕЛ ЕГЕСТІҢ
ӨЗІҢ АЙТТЫҢ БІЗДІҢ СӨЗДІ КІМ ТЫҢДАЙДЫ ДЕП,
БҰЛ СӨЗІҢДІ БАУЫРЖАН ЕЛЕМЕС КІМ,
БАЛҒЫНБЕКТІҢ АЙТҚАНЫН МЕНДЕ АЙТАЙЫН,
БАР КІНӘНІҢ ИЕСІ МЕН ЕМЕСПІН.
БАУЫРЖАН СӨЗ АЙТАМ ДЕП БІР ЖАҚҰТТЫ
ОЙЫНДА ТАЛАЙ-ТАЛАЙ СЫР ЖАТЫПТЫ
НЕГІЗІН АЛАШОРДА САЛЫП КЕТКЕН
БҰЛ ХАЛЫҚ КҮТУДЕ ӘЛІ БІР БАҚЫТТЫ.
АХМЕТ «ОЯН ҚАЗАҚ» ДЕП АЙТТЫ ДЕП
КӨРІНДЕ КҮҢІРЕНТЕСІҢ МІРЖАҚЫПТЫ

ЕЛ КӨҢІЛІН ӨЗІНЕ ТАПҚАН БҰРАР,
ЖАН ЕМЕССІҢ КӨҢІЛДЕ ДАҚ ҚАЛДЫРАР.
ҚАЙТЕДІ ЖЕЛТОҚСАННЫҢ АҚИҚАТЫН,
ОЛ АШЫЛСА, ЖЫЛЫСТАЙДЫ САПТАН БҰЛАР.
ҚАМАЙДЫ ЖЫНДЫХАНА БӨЛМЕСІНЕ,
ОЛ РАС ҚОРЫҚПАЙДЫ ХАҚТАН БҰЛАР.
ҚАЗАҚТЫҢ ӘР СӨЗІНДЕ МАҒЫНА БАР,
ҰРПАҒЫН ҚАТЕЛІКТЕН САҚТАНДЫРАР.
ЖЕЛ ТҰРСА ТАҚЫМСЫЗ ЖАН АТТАН ҚҰЛАР,
ЕЛ ТҰРСА РАХЫМСЫЗ ХАН ТАҚТАН ҚҰЛАР!

ЕЛ ЖАЙЛЫ ТАҚЫЛДАТЫП ТАҢДАЙЫҢДЫ
КӨРСЕТТІК СӨЗБЕН ЖҰРТҚА ҚАНДАЙ ҮЛГІ,
БҮГІНГІ «НҰР ОТАННЫҢ» АЙТУЫНША
СОЛАР ЕКЕН ЖАҚСАРТАТЫН ЖАҒДАЙЫМДЫ.
ӘЙТПЕСЕ ЕЛДІҢ ЖАЙЫ ЖАҚСАРМАЙДЫ-МЫС,
СЕН ҚАНША ТАСҚА ҰРҒАНМЕН МАҢДАЙЫҢДЫ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315