Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3380 0 пікір 23 Желтоқсан, 2009 сағат 16:32

Вьетнам Қазақстанмен мұнай-газ саласында ынтымақтастық орнатуға мүдделі

Астана. 23 желтоқсан. ҚазТАГ - Вьетнам Қазақстанмен мұнай-газ саласында ынтымақтастық орнатуға мүдделі . Бұл туралы Вьетнамның премьер-министрі Нгуен Тан Зунг ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаевпен кездесуде мәлім етті.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында айтылғандай, кездесу барысында «Вьетнам үкіметінің жетекшісі 2009 жылдың қырқүйегінде Қазақстанға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарға жоғары баға беріп, мемлекет басшысына және ел үкіметіне вьетнамдық компанияларға көрсетіп отырған қолдаулары үшін алғыс білдірді». Нгуен Тан Зунг Вьетнамның Қазақстанмен мұнай-газ саласында, өнеркәсіп пен инвестициялар секторында ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ, сейсенбі, 22 желтоқсанда Ханойда сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-вьетнам үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысы өтті. Келіссөздерде қазақстандық делегацияны Н. Ермекбаев, вьетнам жағын өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Ле Зань Винь басқарды.

Комиссияның отырысы барысында халықаралық ұйымдар мен форумдар шеңберіндегі өзара ықпалдастық, білім, мәдениет, спорт және туризм салаларындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасылды. Тараптар 2009 жылдың 14-15 қырқүйегінде Вьетнам премьер-министрінің Қазақстанға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша екі елдің мемлекеттік органдарының жұмысын белсенді ету қажеттілігін атап өтті. Отырыстың соңында ынтымақтастықтың келешегі бар бағыттарын анықтайтын хаттамаға қол қойылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321