Оза шапқан Оңғар болды!
Abai.kz ақпараттық порталы мен «Жас Алаш» газетінің ұйымдастыруы бойынша елімізде алғаш рет интернет-айтыс өтті. Айтысқа «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары, әдебиет сыншысы Әмірхан Меңдеке, «Қазақстан» қоғамдық саяси апталығының бас редакторы Серғазы Мұхтарбеков және «Жұлдыздар отбасы» журналы бас редакторының орынбасары, танымал журналист Сәкен Сыбанбай қазылық жасады. Сондай-ақ, оқырман қауым да айтыскер ақындарға дауыс беріп, жыр майданында қолтық сөккен қаракөктерге көз тігіп отырды.
Сонымен, айтысқа бірінші жұп болып Бауыржан мен Балғынбек шықты. Екі жүйрік ақынның айтысы өте тартымыды өтті. Қазылар қай ақынды жеңімпаз деп танырын білмей қиналған тұста көмекке Балғынбектің өзі келіп жолды Бауыржанға беріп, басалқалық танытты. Дегендей-ақ, көпшілік дауысы да Бауыржанға бұйырыпты.
Екінші жұп Оңғар мен Қуанышбектің айтысы алдыңғы сөз сайысына түскен ақындардың дүбірін сәл пәсейткендей көрінгенімен бұлар да бүгінгі заман, қоғам туралы тосылып қалмай тосын ойлар айтып, толықсытып жыр төкті.
abai.kz ақпараттық порталының оқырманы жақсы біледі, аламан айтыста Бауыржан мен Оңғар ұшырасты.
Айтыстың барысын қадағалаған жанкүйер жұртқа бәрін басынан түсіп баяндап жатудың қажеті шамалы шығар, көпшілік дауысының нәтижесі мен қазылар алқасының ұйғарымы бойынша интернет-айтыстағы бірінші жүлде Оңғардың қанжығасына байланды.

Екінші орын Бауыржан Халиоллаға тиді. Үшінші орынды Балығынбек пен Қуанышбек бөлісті.
Интернет-айтыста оза шапқан Оңғарға "Жас Алаштың" арнайы жүлдесі табыс етілді.
Біз дәстүрлі өнерімізді бүгінгі ақпараттық технологияның жетістігімен ұштастыруға жіті көңіл бөліп, ықылас танытқан ақындарымызға рахмет айтамыз. Алдағы уақытта осы интернет-айтысты дәстүрге айналдырмақ ойымыз да бар. Біздің бұл талабымызды айтыс өнерінің туын жайқалтып ұстап жүрген бауырларымыз қолдайды деп сенеміз.
«Абай-ақпарат»