Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5113 0 пікір 24 Желтоқсан, 2009 сағат 07:57

Әлия Бөпежанова: Мәдениет - әлемнің тірегі

- Қазіргі уақытта ақпараттың еркін ағымы есігімізді қақпай енуге мүмкіндік алып отыр. Бізге қажетті-қажетсіз мәдениет ағымдары санамыздың бос саңылауын толтыруға дайын тұр. Осы орайда рухани тінімізді сыртқы шабуылдардан қорғап тұру үшін не істеу керек?

­- Біздер жаһандану үдерісінде күн кеше бастадық. 21-ғасыр ақпараттың, мәдениеттің ғасыры.  Ал, әлемнің түп негізі мәдениет. Мысалы, экономика да, саясат та, әлеуметтік мәселелер де  түптеп келгенде, мәдениетке тіреледі. Әлемдегі ақпараттық технологиялар, ақпараттық жүйелер қатты дамып барады.  Ақпараттар тасқынының, әсіресе, мықты дамыған елдердің «символдық қолшатырларының» астында қалмау үшін адамның негізі, яғни мәдениеті  мықты болуы қажет. Мұнда  ең алдымен бүкіл мәселе отбасылық құндылықтарда, екінші, әрине, мемлекеттік саясатта және ол  тудыруы тиіс алғышарттарда.

- Мемлекеттік тұрғыдан атқарылатын жұмыстарға тоқталсаңыз.

- Қазіргі уақытта ақпараттың еркін ағымы есігімізді қақпай енуге мүмкіндік алып отыр. Бізге қажетті-қажетсіз мәдениет ағымдары санамыздың бос саңылауын толтыруға дайын тұр. Осы орайда рухани тінімізді сыртқы шабуылдардан қорғап тұру үшін не істеу керек?

­- Біздер жаһандану үдерісінде күн кеше бастадық. 21-ғасыр ақпараттың, мәдениеттің ғасыры.  Ал, әлемнің түп негізі мәдениет. Мысалы, экономика да, саясат та, әлеуметтік мәселелер де  түптеп келгенде, мәдениетке тіреледі. Әлемдегі ақпараттық технологиялар, ақпараттық жүйелер қатты дамып барады.  Ақпараттар тасқынының, әсіресе, мықты дамыған елдердің «символдық қолшатырларының» астында қалмау үшін адамның негізі, яғни мәдениеті  мықты болуы қажет. Мұнда  ең алдымен бүкіл мәселе отбасылық құндылықтарда, екінші, әрине, мемлекеттік саясатта және ол  тудыруы тиіс алғышарттарда.

- Мемлекеттік тұрғыдан атқарылатын жұмыстарға тоқталсаңыз.

- Бүгінгі таңда, әсіресе, алдағы болашақта  мәдениеттің күн кешуі, яғни рухани айналымға түсуі көп жағдайда ақпараттық технологиялармен тікелей байланысты болады. Және жаңа технологиялар жаңа мәдени феномендер тудырып отыр. Ақпарат дегеніміз, ең алдымен, жаңа білім екенін есте ұстар болсақ, білім экономикасының дами түсуіне байланысты бірте-бірте қоғамның жалпы өмірсалты өзгере бастайды. Интернет, сандық ТВ, өнердің жаңа түрлері дами түскенде қоғамның өзін-өзі ұйымдастыру сипаты  да өзгереді. Демек, ақпараттық қоғамның даму стратегиясын жасаушылар осы жайттарды мықтап ескеруі қажет. Ақпаратпен еркін алмасу және жасалған мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізетіндей жағдай тудырылып, мәдени және гуманитарлық білім жүйесін дамыту тетіктері қалыптасуы қажет. Бұл, сөз жоқ, мемлекеттік тұрғыдан атқарылатын шаралар.

- Мәдениет дегеннің өзін рухани қазына деп отырмыз. Бірақ біз өмір сүріп отырған қоғамда  адамдар  рухани қазынадан гөрі қаражаттық қазынаға  бейім сияқты.

- Дүние-жарықтағы адам тіршілігінің  екі қыры, Абайша қисындағанда, бірі - тән құштарлығы, бірі - жан құштарлығы. Қай заманда да мұның бірі артық, бірі кем деп төрелік айта алмайсыз, мүмкін, осы екі құштарлықты шын мәнінде тең-тел  ұстай білген жандар  үйлесім, жарасыммен ғұмыр кешеді. Меніңше, кім-кім де үйлесімді ғұмыр кешуге ұмтылса жақсы. Рухани байлық пен материалдық байлықты бір-біріне қарама-қарсы қою үйлесімсіздікке, жосықсыздыққа бастайды.  Бүгінгі қоғамда адамдар сенің анықтамаңша айтқанда, «қаражаттық қазынаға» бейім болса,  лайықты өмір кешу үшін жанталасатын болар. Әрине, әркім өз ұғымында, өз деңгейінде. Оның үстіне қазіргі ақпараттық заманда  адамдарға «таңылып отырған» өмір сүру деңгейі, салты бар. Теледидардан таңертеңнен кешке дейін берілетін жарнамалар сізді гламурлы өмірге, еуростандартқа шақырады да жатады.  Бұл өзі тұтас бір нарықтық индустрия. Өзіңізді сол гламур аясында кембағал сезінбеу үшін, өмірдің санқырлылығын түйсіну үшін, тұжырымдап айтар болсақ, жан-жақтан анталаған  «символдық қолшатырлар» астында, ақпараттық  ағындар, ағымдар тасқынында қалмау үшін, адамның имани, мәдени өзегі мықты болуы тиіс.

Мәдениет  кең ұғым. Мәдениет, меніңше, ең алдымен, үйлесім, келісім, жарасым. Мұның өзі адамнан  тынымсыз жан еңбегін талап етеді. Мәдениеттің бірнеше анықтамасының  алғашқысы -  әу бастан бір нәрсені жасау, өңдеу деген  мағына екені белгілі. Мысалы, адам өзіңнің, отбасының,   айналасының, әлеуметтік ортасының өңделуіне, мәдениленуіне үлес қосады. Өз-өзіңмен, ортаңмен, қоғамыңмен, тіпті мемлекетіңмен жаныңа жайлы да жарқын қарым-қатынас орната білу;  білім, эстетика мұның бәрі түптеп келгенде тағы да мәдениетке келіп тіреледі. Ал, бәріне бастау, жоғарыда айтып өткеніміздей, отбасы тәрбиесі.

Ішкі өзегі мықты жан нендей де сұрқай тасқынға бой бермейді. Жаһанданған әлемнің бір үйлесімді бөлшегі болып күн кешеді.  Мұның бәрі - биік  мәдениет, жан мәдениеті.

- Жалпы мәдениетті, әдебиетті өсіретін сын ғой. Сын мәселесіне  келсек, кеңестік дәуірде сын жақсы дамыған жанр болатын. Бірақ біз тәуелсіздік алғаннан кейін бұл жанр үні бәсеңдеп шығатын секілді. Сыншы ретінде пікіріңіз.

- Сынның үні бәсеңдеді дегеннен гөрі әлеуметтік сындар азайды,  жанрдың сипаты өзгеріңкіреді деу орынды. Ал, кеңестік кезеңдегі сын белсенділігіне байланысты бұрын да бірнеше рет пікір білдірген едім. Тағы қайталауға тура келеді, кеңестік дәуірде әдебиет тұтас бір жүйе ретінде дамыды.  Сыни процес негізінен мерзімді баспасөз беттерінде ұйымдастырылды, өйткені ол жалпы әдеби идеологияның құрамдас бөлігі болды. Мысалы, 80-жылдары «Қазақ әдебиетінің» сын бөлімінде төрт білдей сыншы жұмыс істеді. Алдын-ала жоспар жасалып, әдеби мәселелер жүйелі түрде көтерілді. Кітап баспаларының жылдық жоспарлары арқылы нендей жаңа  шығармалар жарық көретіні белгілі болып, олардың барлығына дерлік пікір білдіріліп  отырды.  Мұншама қыруар жұмыс белгілі бір деңгейде әдеби процесті бағамдауға мүмкіндік тудырды және әдебиеттің қоғам алдында, оқырман алдында актуализациялануына жол ашты.

Бүгінгі таңда да сын менеджментін жақсылап қалыптастыруға  болар еді. Алайда мерзімді басылымдардың біразында қаржылық, енді біразында интеллектуалдық күштер жетімсіз.

- Жалпы бір шығармашылық адамының еңбегіне әділ баға беру оңай емес.   Кейбір бағалаулар нысанаға дөп тисе, енді біреулері керісінше болуы мүмкін. Осы тұрғыдан қарағанда сыншы болу қиын ба?

- Баға берушілік - сынның, оның ішінде де әлеуметтік сынның бір сипаты ғана. Әдеби-көркем сынды үшінші шындық деп те таниды. Өз ұғымымда,  сын -  көркем туындының жаңаша интерпретациясы, жаңа мағыналарын жасаушы.

Сыншылық - табиғат берген қабілетті үнемі ұштап отырудың жемісі. Әр сыншының өз ұстанымы, деңгейі бар. Меніңше, жақсы үлгілердің, жақсы шығармалардың жаңа мағыналарын аша отырып та әдеби процесті құрылымдандыруға болады.

- Мәдениетіміздің үлкен бір саласы  - драматургия. Соңғы уақытта бұл жөнінде де алыпқашпа пікір көп.  Жағдайға қанық маман ретінде сіздің де уәжіңіз бар шығар.

- Негізі алыпқашпа пікірлер толықтай кәсібиленбеген орталарда көп кездеседі. Мұның екінші бір себебі ­ БАҚ-тың арзан  технологияларынан туындайды - жұртшылықтың  назарын аудару үшін міндетті түрде конфликт, тартыс тудырып отыру керек деген ұғым бар. Бір қарамаққа, БАҚ жұртшылықтың көкейіндегі мәселені көтергенсиді, бірақ, кәсібилік жетісіңкіремейді де, жоқ жерден дау-шар туады. Соңғы кездері драматургия туралы әңгімелердің дені де осылай туындады.

Драматургия бар ма, жоқ па,  сын бар ма, жоқ па, т.б. мәселе көтеру, тартыс тудыру алысқа апаратын нәрсе емес. Әңгімені, меніңше, басқа жазықтыққа көшіру керек. Мысалы, мәселені қазіргі драматургияда қандай көркемдік ізденістер бар, не жетпей жатыр деген тұрғыдан қойса немесе нақты бір шығарманы жан-жақты талдаса - әңгіме басқаша сипат алар еді.  Ал, қазіргі драматургиядан көпөлшемділікті, стилистикадағы жаңалықтарды, жаңа есімдерді  іздейтіндер қатарында өзім де бармын. Бірақ, қалай дегенде де   қанша адам - сонша таным. Мысалы, Алматыда драмалық  екі театр ғана бар - М.Әуезов театры мен Ғ. Мүсірепов театры. Бұл Алматы үшін өте аз. Өйткені көрермен өзінің талғам-танымына қарай  қалаған театрына, мәселен, психологиялық, авангардтық, әлеуметтік, сөз, театрына, т.б.  баратындай мүмкіндігі болуы тиіс.  Алматыда 10 немесе 20 театр болса да көп емес. Әрине, бұл болашақтың шаруасы.

- Соншама театрды қалай қаржыландырамыз?

- Әрине, мен айтқаннан немесе армандағаннан ол театрлар пайда бола қалмайды. Бұған қоғамның өзінің ішкі дайындығы болуы керек. Театр қауымының өзінде қажеттілік тууы қажет. Мүмкін тәуекел керек шығар. Бұл, енді азаматтық қоғам дамыған, яғни қоғам мүшелерінің өз тарапынан қарекетшілдік көбейген жағдайда жүзеге асатын шаруалар. Ал, әзірге қоғамның белсенділігі, жақсы мағынасындағы идеяшылдығы төмендеу болғандықтан біздерге жаңа идеялар негізінен жоғары жақтан жіберіледі. Дегенмен де жеке бастамалар да баршылық. Мәселен, Болат Атабаев М. Әуезов театрында режиссер болды, спектакльдері табысты жүрді. Бірақ, ол өзі қарекеттеніп, жеке театрын құруға кірісті. Нәтижесі - «Ақ сарай» театры. Нұрқанат Жақыпбаев жеке Жастар труппасын ашқан болатын, бұл топ қазір Астана Жастар театрының негізін құрап отыр. Марқұм Қайрат Сүгірбековтің де өз театрын жасауға деген ұмтылыстары болып еді... Меніңше, қоғамның өзі өсіп-жетілгенде мұндай театрлар ашыла береді.  Оған алғышарттар да бар. Мысалы, Елбасының азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы Жарлығына сәйкес қоғамдық ұйымдарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Бұл - өте жақсы саясат.

. - «Мәдени мұра» бағдарламасы қолға алынғаннан бері біраз уақыт болды. Ауыз толтырып айтарлық жетістіктер де жоқ емес. Сіздің ойыңызша, бұл бағдарламаға енбей қалған сіз байқаған қандай мәселе бар?

- «Мәдени мұра»  - мемлекетіміздің мемлекеттілігін танытатын, жан-жақты бағдарлама. Айналдырған бірнеше жыл ішінде қыруар жұмыс атқарылды. Әлі игерілуі тиіс қазынамыз көп. Археология саласының өзінде назардан тыс қалып жатқан қаншама ғажайып тарихи және мәдени ескерткіштер кешені бар?!  Мысалы, Ұлы Жібек жолындағы ірі кенттердің бірі Саудакентті алалық ­/қазіргі Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы тұсында./ Саудакентке кіре берісте өте үлкен төбе бар, халық оны Күлтөбе деп атайды. Біздің бала кезімізде әжеміз біздерге «Саудакент саудасы мен өнері қатар дамыған, халқы жақсы тұратын, гүлденген, үлкен қала екен. Бейғам жатқан бейбіт кентті Күлмесхан деген хан үлкен әскерімен келіп шауып, жермен-жексен етіпті» деп  әңгіме айтатыны есімде.  Академик Әлкей Марғұлан 1946 жылы жүргізген  археологиялық қазбалар бұл жерде ҮІ ғасырдың өзінде көшпелілердің тұрағы болғанын анықтаған.  ІХ ғасырда Сүгүлхан деп аталған Саудакент енді бірер ғасырдан кейін  Ұлы Жібек жолындағы көне Тараздан кейін екінші орын алған үлкен сауда орталығы болған. Жеке Саудакентті ғана зерттемей, осы бағытты тұтас қамту керек шығар. Ал, мұндай кешенді нысандар республикамызда аз емес.  Сондықтан да «Мәдени мұра», меніңше, ­ үзіліссіз, жүйелі түрде жүргізілуі тиіс бағдарлама.

Қазіргі таңда алдыңғы кезекте мәдени мұраларымызды актуализациялау, яғни бүгінгі күн және болашақ үшін пәрменді жұмыс жасауы үшін рухани қазынамызды өз ішімізде де, сонсоң әлемдік рухани айналымға түсіру тұрғысынан  кешенді шаралар жүзеге асырылуы тиіс. Бұл тұста БАҚ пен ЭБАҚ-тың ролі өте үлкен.

- Кеңестік жүйенің бір артықшылығы дейміз бе,  жоқ жетістігі дейміз бе - қоғамда қаламгерлердің ықпалы мықты болған. Ол кездегідей танымалдық қазіргі ақын-жазушыларымызда жоқ. Жалпы біздің қоғамда зиялы деп кімді атауға болады?

­- Кеңестік жүйе келмеске кетті ғой, сондықтан да ол кездегі ахуал бүгін болуы мүмкін емес. Мен, мүмкін, біраз адамға жақпайтын шындықты айтсам - қаламгерлердің Кеңес одағы кезіндегі ерекше бедел-ықпалы, бір есептен,  кеңестік идеология салдарынан, қоғамның жабықтығынан, жалпы ортаның білімсіздігінен де туындаған ахуал. Үнді еліндегі касталарды білесіз ғой. Генезис әртүрлі болғанымен ептеп  соған ұқсаңқырайтын жағдай.

Ол кездегідей танымалдық қазіргі ақын-жазушыларда болмауы да мүмкін. Бұған бірнеше себеп бар. Бастысы - қазіргі таңда қоғам өзгерді, екіншіден, өнер демократияланды, әрбір адам жеке тұлғалыққа ұмтыла алады. Ақпараттық жүйелердің дамуы контекстінде қоғамның құндылықтары әлі де өзгереді. Бұл ретте шығармашылық зиялы қауымның ролі мен мәртебесі қандай болмақ? Оқырманымен, көрерменімен байланыс мүмкіндігі қаншалықты болады? Ақпараттық жүйелер кеңейе түскенде мәдениетке деген қызығушылық азая ма? Әлде керісінше мәдени қабат нығайып-құнарлана ма,  өз қатарына жаңа адамдарды тарта ма?  Бұлар күн тәртібіне қойылуы тиіс, талқылауды қажет ететін маңызды мәселелер.  Ал, зиялылылық туралы сұрауыңа айтарым: зиялы деп зиялыны танимыз.  Олар қоғамның ең құнарлы қабатын құрайды.

- Тақырыптан тысқары сұрақ. Талант деген не? Талантты деген кім? Және оның біздің алмағайып қоғамдағы орны

- Талант - адамның табиғаттан берілетін белгілі бір қабілеті. Ол қабілет табанды­ еңбекпен ұшталады. Талантты адам - тынымсыз еңбек иесі, өзін-өзі жүзеге асыра алған және сонысымен өзін өмірден, өмірден өзін тапқан адам.  Болат Атабаевтың талмай айтатын бір пікірі бар: «бізде таланттылар көп, кәсібилер жоқ, маған таланттар емес, кәсібилер керек»» дейді ол. Бұл тұста ол ептеп ұғымдарды ауыстырыңқырайды. Ал, меніңше,  талантты адам  ­ - өз өнері мен білімін кәсіби түрде өзінің және қоғамның қажетіне жұмсап, игілігіне жарата алатын адам. Яғни  шын мәніндегі кәсіби адам. Бүгінгі сәнмен қисындасақ, бәсекеге қабілетті адам. Біздің қоғамда  талантты адамдар  өзіне лайық орнын ала алады деп білемін.

 

«Алашорда» апталығы, 16/07/09

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321