Өзбекстан...
Өзбекстан... Өз тәуелсіздігін бізден 3,5 ай бұрын алған бауырлас елдің бүгінін мына суреттермен де берсе болады. Қайбір қағидаттар бойынша (тілдік саясат я Асака қаласындағы «Шевроле», «Дэу» автомобильдерін шығаратын Орталық Азиядағы жалғыз кәсіпорын) басқалардан оқ бойы озық болғанымен, қарапайым тұрғындарының халына қызыға қарауға болмас. Айлығы шайлығына жетпейді. Экономиканы реформалаудың әсері болмады. Үшқұдықтың уран шахталарында, Самарқанның мақталы алқаптарында бел жазбай еңбек етуші бұқара лайықты жалақыдан бұрын, жұмыс барлығына шүкіршілік етеді. Айтпақшы, мына фотоларды түсірген ташкенттік фотограф Умида Ахмедованың үстінен қазір қылмыстық іс қозғалып жатыр. Айып неде десеңіз, ол осы фотосуреттерін жаһанторға қою арқылы өзбек ұлтын қорлаған һәм щыңдықты бұрмаласа керек. Шынтуайтында, бұның жай ғана жабайы цензура екендігін сезініп тұрған шығарсыздар?
Orken&K